Балалар Наурыз мейрамы туралы
17 наурыз күні кітапхананың Балалар бөліміне №44 Оралхан Бөкей атындағы мектеп-лицейінің оқушылары қонаққа келді. Кітапхана маманы Нұрсауле Жақып қонақтарды қарсы алып, Наурыз мейрамы, салт-дәстүрлер туралы әдебиеттер көрмесімен таныстырып, осы тақырыпта медиа сабақ өткізді. Ежелден келе жатқан ұлттық мереке туралы балалар не біледі екен? Олар кітапханаға неге келді екен? Осы сауалдарды балалардың өздеріне қойған едік.
Толығырақ...Два интервью о Наурызе
Ұлыстың Ұлы Күні қарсаңында...
Ежелгі жыл санау бойынша, 22 наурызда күн мен түн теңеседі. Наурыз – жылдың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы. Наурыз мерекесін қазақ халқы «Армысың, Әз Наурыз», «Әз болмай, мәз болмас» деп қарсы алған.
Қызыр түні Жаңа жыл табалдырық аттап, үйге енгенде, «жалғыз шала сәуле болмас» деп төрге қос шырақ жағылып қойылады. «Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады» деген сеніммен Наурызға дейін үй ішіндегі жиһаз-мүліктің шаңы қағылып, жуылып тазартылады.
Толығырақ...Сайыстан соңғы ойлар
«Романтика апталығы» да өз мәресіне жетті. Қаламызда Халықаралық франкофония күні туралы көп айтылды. Бұл күндері кітапханамыздағы Француз оқу залы оқырмандарымыздың назарында болды. Сонымен, дәстүрлі 8-інші ұлттық франкофон әндерінен сайыс та өтіп кетті. Мирей Матье, Эдит Пиаф, Лары Фабион, Жака Бреля және "Нотрдам де Пари" мюзиклынан орындалған әндерді сайысқа қатысушылар жеңіл әрі кәсіби шеберлікпен орындады. Музыкалық шығармалардың орындалуын әділқазылар және француз тілін жетік меңгерген мамандар бағалады.
Толығырақ...Шляпное дефиле
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26058335
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы