«Өнерім – еліме!»: Хадхан Манайұлының шығармашылық кеші
12 наурыз күні кітапханада белгілі дәстүрлі әнші, ұлттық өнерді дамытуға ат салысып жүрген дарын иесі Хадхан Манайұлының «Өнерім – еліме!» атты әдеби-сазды кеші өтті.
Х. Манайұлы шетелде тұратын, дәстүрлі әндерді орындаудың ерекшеліктерін сақтап келе жатқан этникалық қазақтардың халық әндерін орындаушы. Әншінің шығармашылығы ұлттық дәстүрді, ұлттық музыка мен ұлттық рухты сақтау тұрғысынан құнды, әрі қызықты. Өз мәдениетін, ұлттық кодын сақтау мәселесі – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап көрсеткендей, жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты.
Рухани жаңғыру: кітапханадағы ғылым мен ғарыш күні
12 сәуір күні сағат кітапханада әйгілі ғалымға арналған «Қаныш Сәтбаев: Дара жол» атты ғұмырнамалық кеш өтті. Жезқазған мысы пен Жезді марганецінің мол қорын ашқан тұңғыш қазақ-геологы, Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, геология-минералогия ғылымдарының докторы және кеңестік Шығыс республикаларынан шыққан КСРО ғылым Академиясының академигі атанған тұңғыш ғалым Қаныш Сәтбаевтың туғанына 120 жыл.
Толығырақ...Қазақтан шыққан тұңғыш инженер – Мұхамеджан Тынышбаев
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 23 мамыр күні кітапханада қазақтың көрнекті саяси жəне қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алашорда үкіметінің мүшесі, тарихшы- ғалым,этнограф, қазақтан шыққан тұңғыш темір жол қатынастарының инженерінің ығармашылығына арналған «Қазақтан шыққан тұңғыш инженер – Мұхамеджан Тынышбаев» атты ғұмырнамалық кеш өтті.
Толығырақ...Рухани жаңғыру: «Тәуелсіз елдің жастары»: шығармашылық байқау
Еліміздің Тәуелсіздік Күні қарсаңында 6 желтоқсанында Елбасы жариялаған Жастар жылына орай облыстық «Алдаспан» газеті мен А.С. Пушкин кітапханасының бірлесе ұйымдастырған «Тәуелсіз елдің жастары» атты байқауы өз мәресіне жетті.
Толығырақ...Рухани жаңғыру:Ел тарихының парақтары: Қазақ хандығына 555 жыл
7 ақпан күні, сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының акт залында тарих ғылымдарының докторы, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың профессоры Игибаев Советхан Кабдуалиевич, қоғам қайраткері, мәдениет, спорт, туризм, ақпарат қызметкерлері кәсіподағының ШҚ облыстық филиалының төрағасы Түсіпбеков Түсіпхан Түсіпбекұлы және қала жұртшылығы мен тарихшылардың қатысуымен Қазақ хандығының 555 жылдығына арналған «Қазақстанның тарихи ғұмырнамасы» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өтті.
Толығырақ...Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26357132
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы