Сауатты адам – табысты адам
Сауатты адам – бұл ең алдымен өз міндетін іскерлікпен орындайтын, мемлекеттік тілді толық меңгерген сауатты басшы, мемлекеттік қызметкер, заңгер, мұғалім, дәрігер т.б. Өйткені, Қазақстандық ұмтылыс, сапалы білім мен сапалы өнімнің түкпірінде Отанға деген үлкен сүйіспеншілік, өшпейтін патриотизм, қазақи намыс, мәңгілік ел идеясы жатыр.
14 желтоқсан күні сағат. 15.00-де біздің кітапханада, сондай-ақ облыс қалалары мен аудандарында онлайн Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ашық диктант өткізіледі.
Рухани жаңғыру: кітапхана мамандары Бесқарағай ауданында
Кітапхана мамандары «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында арнайы бағдарламамен Бесқарағай ауданында . 15-16 ақпан күндері ауданның Үлкен-Владимировка, Борас орта мектептері, Канонерка ауылдық кітапханасы мен Бесқарағай аудандық кітапханасында мәдени іс-шаралар өткізуде.
Толығырақ...Рухани жаңыру: Тау тұлғалы талант
2019 ж. 24 қаңтар күні сағат 15.00 А.С.Пушкин атындағы кітапханада Шығыстың қарымды қаламгері Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаевтың жастармен кездесуі өтеді. Кешті «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасы және Жастар жылына арналған іс-шаралар жоспары аясында облыстық кітапхананың Білім орталығы «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының бастамасымен өткізеді.
Толығырақ...«Мен құпияны ашамын»: шығармашылық сайыс
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын насихаттау, балалар мен жастар арасында өз елінің тарихына деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Мен құпияны ашамын» атты шығармашылық сайыс өткізіледі. Сайысты ұйымдастырушы - А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының Балалар орталығы.Сайысқа 7-15 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатыса алады.
Толығырақ...«Өмір заңы» кітап көрмесінде
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында кітапхана мамандары оқырмандарына «Өмір заңы» кітап көрмесін ұсынды. Бүгін 28 тамыз күні көрмеге біздің тұрақты оқырмандарымыз, ҚР Ішкі істер министрлігі Мамандандырылған күзет қызметінің ШҚО бойынша басқармасының қызметкерлері келді.
«Өмір Заңы» атты кітап көрмесі еліміздің көне заманнан бастау алып, ХХІ ғасырдағы зерттеулермен аяқталатын конституциялық ой-пікірдің қалыптасуы мен даму тарихына тарихи экскурс жасайды.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26357337
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы