«Ерлік пен батырлықты дәріптейтін мерекелер жасасын»!!!
«Бұл қорқынышты жан түршігерлік оқиғалардан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған ардагерлеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмайды Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге мәңгі шуағын шашты.»-дейді «В кругу друзей» клубының мүшелері.
4 мамыр күні мамыр мерекелері қарсаңында клуб мүшелері «Қазақ жері - бейбітшілік бесігі/ Под мирным небом Казахстана» деп аталатын концерттік бағдарлама дайындап, соғыс жылдарында опат болған боздахтар рухына тағзым етіп, ән айтып, өлең арнады.
Жастар жылы: #JASSTAR ФОРУМЫ
20 қараша күні кітапханада #JASSTAR ФОРУМЫ – Қазақстандағы Жастар жылын қорытындылауға арналған форум өтті. Форум – әлемдік деңгейдегі спортшылар, ақын-импровизаторлар - әртүрлі деңгейдегі жарыстардың жеңімпаздары, танымал блогерлер, видео түсіру мен фильмдер түсіруді ұнататындар, « Пушкинді әлем тілдерінде оқимыз» халықаралық конкурсының қатысушылары, ынталы, мақсатты және белсенді жас оқырмандардың басын қосты.
Толығырақ...Ұлы Жеңіске 75 жыл: «Есте сақтаймыз және құрметтейміз!»
А.С. Пушкин атындағы кітапхана оқырмандарын, балалар, жасөспірімдер мен жастарды Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Есте сақтаймыз және құрметтейміз!» облыстық шығармашылық конкурсы мен «Соғыс туралы отбасылық әңгімелер» желілік жобасына қатысу туралы шақырады. Үздік жұмыстар А. С. Пушкин кітапханасының көрмесінде және www.voiny.vko.kz сайтында ұсынылып, Ресейдің Псков облыстық кітапханасының «Соғыс туралы отбасылық әңгімелер» Халықаралық Интернет-күнделігі» желілік жобасына қатысу үшін http://pobeda.pskovlib.ru сайтына жіберіледі.
Толығырақ...Ақын Бақытгүл Бабашпен онлайн сұхбат
2020 ж. 5 мамыр күні сағат 18.00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен #BizBirgemiz акциясы аясында инстаграм әлеуметтік желісінде https://instagram.com/baqytgulbabash?igshid=1sifjoo8w331w baqytgulbabash парақшасында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің гран-при иегері, Халықаралық, республикалық мүшәйралардың жүлдегері. «Алтын қалам», «Үркер-Үміт» әдеби байқауларының жүлдегері, сыршыл ақын, қаламы қарымды журналист Бақытгүл Бабашпен онлайн сұхбат өтеді.
Толығырақ...Кітапхана – мейірім аумағы
1 қазан күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы жыл сайын өтетін қайырымдылық айлығын бастайды. Дәстүр бойынша Қарттар күніне арналған мереке мейірім айының бастауы болады. Мерекеге орай аға буын оқырмандар мен кітапхана ардагерлерін сағат 14.00-де әдеби-музыкалық қонақжайға ән-жыр, қызықты байқаулар, викториналар мен мерекелік шай дастарханына шақырады.
Толығырақ...Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26357973
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы