Сұлтанмахмұт Торайғыров және Шыңғыстай мектебі
Құйрықты жұлдыз ағып түскенде соңынан қалған жарық талайға дейін жан-жағына шуағын шашып, жол көрсетіп тұрады екен. Артына жақсы іс қалдырған адам өмірі де солай, сан жылдар өтсе де ұрпақтарына жол сілтеп тұра береді.
Сондай жарық жұлдыздың бірі – небәрі 27 жыл ғана өмір сүрген алаш қайраткері, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров. Өмірден өткеніне ғасырға жуық уақыт өтсе де ақын шығармашылығы оқырман назарынан түскен емес.
"Рухани жаңғыру": мемлекеттік қызметкерлер кітапханада
Аймақтық мамандарды қайта даярлау және біліктіліктерін көтеру орталығы 2018 жылдың қаңтар айынан бастап ШҚО бойынша ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының филиалы болып қайта құрылды. Академия филиалында қала және облыс аудандарының бөлім басшылары болып тағайындалған мемлекеттік қызметкерлер үш апталық оқудан өтуде. Олар бүгін яғни, 9 ақпанда кітапхана ресурстарымен танысуға келді. Кітапханашылар қонақтарды кітапханамен толық таныстырып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына сай ұйымдастырылған кітап көрмесін ұсынды.
Толығырақ...Кітапханалық акция «Алғысым шексіз...!»
Көктемнің алғашқы күнінде Қазақстан халқы Алғыс айту күнін атап өтеді. Алғыс айту күні - ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
Бұл күні кітапхананың барлық бөлімдерінде алғыс сөздер айтылып, кітапхана мамандары оқырмандармен бірге «Алғысым шексіз» акциясына қатысты.
Oskemen-kitap review -2019: кітап көрме-жәрмеңкесі
Бүкілодақтық кітап және авторлық құқық күні кітапханада Oskemen-kitap review -2019 көрме-жәрмеңкесі ашылды. Мұнда баспа, кітапсаудасы ұйымдары бір алаңға жиналып, оқырмандарды алуан кітап өнімдерімен таныстырды. Мерекенің ерекшелігі – жергілікті баспаларда жарық көрген жергілікті жазушылар мен ғалымдардың Шығыс Қазақстан туралы қалам тербеген жаңа шығармаларын оқырман қауымға таныстыру.
Толығырақ...Абай Құнанбаевтың туғанына 174 жыл
2019 жыл 10 тамызда қазақтың ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, жерлесіміз Абай Құнанбаевтың туғанына 174 жыл толады. Аталған мереке қарсаңында А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы «Абай Құнанбаев – ұлтымыздың мақтанышы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Толығырақ...Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26357510
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы