Айтыскер ақын Жандарбек Айтақынұлы Бұлғақовпен онлайн-кездесу
- Құрылды 19.04.2020 01:14
2020 жылы 23 сәуір күні сағат 20.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен @barshyn_abilgazinova парақшасында айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақовпен тікелей эфир өтеді.
Айтыс өнері – ғасырлармен қанаттасып, дәуірлермен үндесіп келе жатқан қазақтың киелі өнері. Осындай бірегей өнердің дамуына ат салысып жүрген, бүгінгі айтыс майталмандарының ішінде халық сүйіп тыңдайтын, шоқтығы биік айтыскер ақындардың бірі – Жандарбек Бұлғақов.
Көркемсөз оқу шебері, әнші, «Қазақ радиосының» жүргізушісі Ғылымхал Манайұлымен онлайн-кездесу
- Құрылды 19.04.2020 01:09
2020 жылы 21 сәуір күні сағат 20.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен көркемсөз оқу шеберлерінің Республикалық және халықаралық байқауларының бірнеше дүркін жеңімпазы, Республикалық «Алтын дауыс» байқауының жеңімпазы, филология ғылымдарының магистрі, «Қазақ радиосының» жүргізушісі, әнші Ғылымхал Манайұлымен (Фейсбук желісіндегі Ғылымхал Манай парақшасында) тікелей эфирде онлайн кездесу өтеді.
Толығырақ...Карантиннің кітапхана қызметіне әсері
- Құрылды 17.04.2020 15:29
18 сәуір күні сағ.12.30-да (Нұр-Сұлтан уақыты) Мәскеу мемлекеттік мәдениет институтының кітапхана-ақпараттық ғылымдары кафедрасының доценті Вадим Степановпен онлайн кездесу өтеді. Педагогика ғылымдарының кандидаты, РФ жоғары кәсіби білім беру саласының Құрметті қызметкері Вадим Константиновичтің кітапхана ісіндегі практикалық жұмыстар бойынша тәжірибесі мол.
Толығырақ...Журналист Азамат Қасыммен онлайн-кездесу
- Құрылды 17.04.2020 12:15
2020 ж. 17 сәуір 20.00-де А.С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен фейсбуктегі https://www.facebook.com/azamat.kasym) парақшасында -«Авторлық бейнебаян»#BizBirgemiz акциясы аясында , «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі Азамат Қасыммен онлайн кездесу және оның «Ел-әңгімеші» атты жаңа кітабымен танысу өтеді. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Жылдың үздік жас журналисі» сыйлығының лауреаты Азамат Қасымның кітабына қырықтан астам туған жер, атақты тұлғалар, аймақ тұрғындары мен олардың мәселелері туралы мақалалар, очерктер, жолжазбалар, сұхбаттар енген.
Толығырақ...Тағы мақалалар...
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26357510
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы