Талантты әншімен Live-трансляция
- Толығырақ
- Құрылды 16.04.2020 22:56
18 сәуір күні сағат 16.00-де талантты жас вокалшы әрі күйші, «Men qazqpyn» мега-жобасына қатысушы, Кенен Әзірбаев және Әсет Найманбаев атындағы республикалық дәстүрлі ән орындаушылары байқауының дипломанты, аймақтық «Шыңғыстау әуендері» байқауының 1-ші орын иегері Қуаныш Оралбаевпен тікелей эфирде онлайн кездесу болады.
Қуаныш Оралбаев Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Ақши ауылында дүниеге келіп, туған ауылында мектепті тәмамдаған. Ол жастайынан өзін ерекше шығармашыл жан ретінде танытып, әрі қазақтың дәстүрлі әндерін нақышына келтіре орындау шеберлігімен көзге түскен. Күршім мәдениет үйі сахнасында алғаш еңбек жолын бастап, кейін Мұқан Төлебаев атындағы Семей музыкалық училищесіне «Добра-тенор» мамандығы бойынша оқуға түседі. Кәсіби білімін Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетте жаслғастырады. Жоғары оқу орнын аяқтағаннан бастап Қуаныш «Ертіс концерт» шығармашылық бірлестігінде еңбек етіп келеді.
Қуаныш Оралбаев көптеген облыстық және республикалық орындаушылар конкурстарының лауреаты, сонымен қатар «Men qazaqpyn» реалити-шоуының қатысушысы. Әншінің айтуы бойынша: «Әнші болсын, күйші болсын, сайысқа түскен кезде өзінің шеберлік деңгейін арттырады. Мұндай конкурстарға қатысу өзіңді және өз әлеуетіңді танытуға мүмкіндік береді. Басқа қатысушылардың орындауын бақылай отырып, тәжірибе жинақтайсың. Жалпы, кез келген байқау әрбір музыканттың шығармашылық тұрғыда дамуына өте пайдалы». Қуаныш қазақи ұлттық үлгідегі дәстүрлі әндермен қатар, заманауи әндерді де шеберлікпен орындап, үнемі репертуарын толықтырып отырды.
Әншімен Live-трансляция Қуаныш Оралбаевтың Instagram-парақшасында @kunia_oralbaev өтеді. Баршаңызды тікелей эфирге қосылып, Қуаныштың әдемі қоңыр даусымен орындалатын тамаша әндерді тыңдап, домбырада ойнау шеберлігінің куәсі болуға шақырамыз!
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26336581
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы