homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВАта Заңымыздың тарихын білеміз бе?
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Ата Заңымыздың тарихын білеміз бе?

  Кітапхананың оқу залы күнделікті жаңа басылымдармен толықтырылып отырады.  Оларды оқырмандарымыз біліп жүрсін, оқысын деген мақсатпен  кітап көрмелері ұйымдастырылады. Көрме маңында кітапхана мамандары жаңа басылымдарға шолу жасап, әңгімелер жүргізіп отырады.

Кітапхана ақпараттық орталық болып саналатындықтан біз мамандарға сабаққа, дәріс, баяндамаларға дайындалуға қажетті ақпаратты тауып беруге көмектесеміз. 

Біз бүгін сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған кітап көрмесінен Ата заң  тарихына арналған кітаптарға бейне-шолу ұсынамыз.

Кез келген мемлекеттің ұстанымын, ұлтының құндылығын айқындайтын Негізгі Құжат – Конституция. Конституция термині латын сөзінен алынған.Қазақша мағынасы – белгілеу, орналастыру дегенді білдіреді. 

Конституция – мемлекеттің Негізгі Заңы.
Әр мемлекет өзінің тәуелсіздігін алған соң , Конституциясын қабылдаудан бастайды. Бұл сол мемлекетті құраушы ұлттың ғасырлардан жинақталған өзіне тән ұстанымының, заңдарының, жүрген жолдарының өзегінен шығып, келешегіне бағдар жасайтын басты белгі. Ұлы даланы мекендеген алты алаштың да өз дала заңдары, өзіндік конституциясы болғаны анық. Орта ғасырдағы түркі бабаларымыздың бітік жазуына бармағанның өзінде, қазақ даласындағы бізге мейлінше жария болып жеткен «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» секілді заң жүйелері қазақ елі Конституциясының ертеректе қаланған іргетасы іспеттес. Қазақ хандары жолға қойған осы жарғыларды дала заңы деп санасақ, оның «баптарының» сөз бастаған шешендер арқылы қалай өрбігеніне, абыз ақсақалдардың қалай таратып, жөнге салғанына тарихтан көп мысал тартуға болады.
Ал ХХ ғасыр басында ұлттық тәуелсіздікті ту етіп ұстаған Алаш қайраткерлері дербес Конституция әзірлегені де тарихтан белгілі.
Алаш ұмтылысынан кейін республикамызда бірнеше Конституциялар өмірге келген. Соның алғашқысы 1926 жылы 18 ақпанда Қазақ АССР-і Орталық атқару комитетімен тұңғыш Конституция жазылып, РСФСР Орталық атқару комитеті бекітпегеннен кейін күшіне енбеген. Сосын 1937 жылы 26 наурызда Жалпықазақ кеңестерінің X төтенше съезі қабылдап, бекіткен Конституция бар. Қырық жылдық ғұмыры болған осы құжаттың орнын 1978 жылы 20 сәуірдегі «кемелденген социализм» аталған заманның Конституциясы басқан болатын. Міне, осы құжат Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жазылып қабылданған, 1993 жылғы 28 қаңтарға дейін өмір сүрді. 1993 жылғы қабылданған тұңғыш Конституция мемлекетіміздің тәуелсіздігін ең жоғарғы заң тұрғысында саяси-құқықтық сипатта алғаш бекіткен құжат еді.
Уақыт өте келе, заман ағымы мен сұранысына қарай, Бас заңымыздың кейбір тұстары нарықтық қоғамдағы өзгерістерге сәйкес болмай шыққаны байқалды.
Заңдағы біраз олқылықтар жаңа Негізгі Құжаттың қажеттілігін туындатқан болатын. Сондықтан да арада екі жыл өткенде 1995 жылы қазіргі Негізгі заң – Конституция қабылданды.
Ресми мәліметтерге қарасақ, құжатты талқылауға 3 млн. 345 мың адам қатысыпты. Жұртшылық тарапынан сарапталған 31 мың 886 ұсыныс түссе, соның 1 мың 100-і конституция жобасына енгізілген. Тұңғыш Президенттің өзі бастама көрсетіп, сол кездері Еуропа мен Азияның, Солтүстік және Латын Америкасының, барлығы 20-дан астам дамыған және дамушы елдерінің конституцияларын зерттеп, зерделеп шықты. Сосын 1994 жылы өз қолымен Әділет министрлігіне жаңа конституцияның жобасын тапсырған екен.
1995 жылы 30 тамызда елдің жаңа Конституциясын қабылдау жөнінде бүкілхалықтық референдум өтіп, оған сайлаушылардың 90,58 пайызы қатысты. Олардың 89,14 пайызы жаңа Конституцияның қабылдануын қолдады. Конституция барлық қазақстандықтардың ой-пікірін есепке ала отырып жасалған құқықтық-саяси құжат болды. Өйткені, осы заңды қабылдауға қалың жұртшылық тікелей қатыса отырып, республикалық референдумда қабылданды.
1995 жылғы Қазақстан Республикасы Ата Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар саяси жүйе, мемлкеттік басқару және азаматтық қоғамды жаңартудың жаңа парақтарын ашты.
Біздің басты міндетіміз – Қазақстан Тәуелсіздігінің тірегіне айналған Конституцияны қатаң ұстану. Яғни, басты талап – Ата Заңымыз, Конституцияны құрметтеп қорғау, ал оның маңыздылығын жоғалтпай сақтау - республикамыздың әрбір азаматының міндеті мен парызы болуы тиіс.
Екіншіден, қолданыстағы Конституция республика өмірінде экономикалық қана емес, саяси өзгерістерге де жол ашты. Қос палаталы кәсіби Парламенттің жасақталуы да соның жарқын айғағы.
Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы күндері-ақ құқық жөніндегі мәселелерді реттеу үшін ғалым-заңгерлерге деген сұраныс туды. Осыған орай мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев жаңадан құрылған тәуелсіз мемлекетінің құқықтық негізін құру үшін бірқатар ғалым –заңгерлерді шақырды. Солардың қатарында - ХХ ғ екінші жартысы мен ХХI ғ басындағы қазақ құқықтану ғылымдарының классиктері С. Зиманов пенГ. Сапарғалиев болды. Г. Сапарғалиев Қазақ ССР 1978 жылғы Конституциясының, ҚР –ның 1993,1995 жылғы Конституция жобаларын дайындауға қатысқан. Еліміздегі: «ҚР Президенті туралы», «ҚР Үкіметі туралы», «ҚР Парламенті туралы», «ҚР нормативті құқықтық актілері туралы» заңдар мен Қазақстан Республикасы құқықтық саясат концепциясының 2010-2020 жж. арналған жобасын жасауға үлес қосқан.
С. Зиманов - ғалым –құқықтанушы, Ұлы отан соғысына қатысқан –қазақ зиялылырының ішіндегі ең танымал, бүгінгі күні алашорда қайраткерлерінің ісін жалғастырушы тұлға еді. Салық Зиманов Қазақ мемлекетінің маңызды құжаты «ҚазКСР-нің егемендігі туралы Декларацияның» редакциялық жобасын дайындау комиссиясын басқарды. 1991 жылы қабылданған тарихи маңызы бар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң жобасын дайындаған комиссия мүшесі болды.
Ұлы даланың заңдар жинағы, қазақ халқының тарихы мәні зор дәстүрлі құқығын – Жеті жарғыны жаңғыртудағы қосқан үлесі ерекше. Көп жылғы «Қазақтың ата заңдары» атты он томдық еңбегі Ұлы даланы мекендеген халықтың дәстүрлі тұрмыс салты мен құқықтық мәдениетін қалпына келтірудегі теңдессіз тарихи –құқықтық зерттеу болып табылады. Бейне обзорды мына сілтеме арқылы көрес аласыздар :https://www.youtube.com/watch?v=l2Fw7vHDWwg

2210 1 2210 2 1 2210 2 2 2210 2 4  

 

 Байланыс тел.:261 333,

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26336497
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102