«Ардақты ардагерлер мен билер» кітабының тұсаукесері
- Толығырақ
- Құрылды 15.02.2017 16:13
2017 ж. 15 ақпан күні Орталық қалалық кітапханада «Ардақты ардагерлер мен билер» кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шараға Өскемен қаласының Қалалық Ардагерлер кеңесі басшылық етті.
Кітап 2016 жылы «Жебе» баспасынан жарық көрген және Алматы, Ақмола, Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстары еңбек ардагерлерінің автобиографиялық энциклопедиясы іспеттес. Аталған басылымда біздің 30-ға жуық жерлесіміздің есімі берілген.
Жаңа кітаптың мақсаты – түрлі салада аянбай еңбек етіп, еліміздің дамуына өзіндік сүбелі үлес қосқан ардагерлерді көпшілікке таныту. Алдыңғы толқын аға буынның ғибратты өмірі кейінгі толқын жастар үшін қашан да өнеге екені сөзсіз.
Қазақстан Республикасының Ардагерлер ұйымы кездесуге келген барша қонаққа жаңа кітапты сыйға тартты. Енді аталған еңбекті біздің кітапханадан да таба аласыздар. Баршаңызды кітапта берілген өлкеміздің біртуар азаматтарымен танысуға шақырамыз.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26342096
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы