homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВРухани жаңғыру: Мемлекеттік онлайн қызметтер денсаулық сақтау саласында
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Рухани жаңғыру: Мемлекеттік онлайн қызметтер денсаулық сақтау саласында

Цифрлық дағдыны дамыту әр қазақстандықтың бәсекеге қабілетінің құрамдас бөлігінің бірі. Халықтың цифрлық сауатын дамыту көрсеткіші – алынған электрондық қызмет түрлері санының өсімінен көрінеді.  Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұлттық «Рухани жаңғыру» идеясы аясында  «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асырудың қажеттілігіне ерекше назар аударады. 30 мамырда сағ. 15.00-де А.С.Пушкин біздің кітапханамызнда «Egov порталының онлайн-қызметтері денсаулық сақтау саласында» тақырыбында семинар-тренинг өтеді.

Осы маңызды семинар халықтың цифрлық сауаттылығын дамытуға бағытталған іс-шаралар циклының жалғасы.
Қалалық ЦОН (халыққа қызмет көрсету орталығы) мамандары қатысушыларды Электронды үкімет – Еgov қызметі, құрылымдары, ұсынатын қызметтерімен таныстырады. Тыңдаушылардың назары ең алдымен Еgov порталымен жұмыс жүргізуге қажетті NCELAYER бағдарламасын компьютерге орнатудың маңыздылығына аударылды.    
Семинар-тренингке қатысушы әр адамға NCELAYER бағдарламасын орнату, электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦП) алуға өтініш беру, Еgov порталына тіркелу, денсаулық саласына мемлекеттік қызмет түрлерін алу, басқа да қызмет түрлері: мекен-жай анықтамасы, сотты болмағаны туралы анықтама, зейнетақы қорына аударымдар т.б. өтініш беру жаттығулары жүргізіледі.
Сонымен бірге, Еgov порталында ұсынылған денсаулық сақтау саласы қызметтерін пайдалану жөнінде кеңестер беріледі, мысалы: Дәрігер қабылдауына жазылу; Үйге дәрігер шақыру; Алғашқы көмек көрсететін медициналық-санитарлық ұйымға тіркелу; Емханаға жатқызу бюросы: бос орындарды қарау және стационарға кезек сақтау; Мемлекеттік реестрден препараттар іздеу; Дәрі-дәрмектерді, мемдициналық құрал-жабдықтар мен медициналық техниканы сараптаудың ұлттық орталығы; Қазақстан Республикасы аумағында дәрі-дәрмектерді табу және тапсырыс беру;  "ГИППОКРАТ" интернет- дәріхана.
Семинарға қатысушыларға Еgov порталы арқылы банктік төлем карталарын пайдаланып  коммуналдық төлемдер төлеу және ақылы қызмет мәселелері бойынша кеңестер ұсынылады.

Тренингке қатысуға денсаулық сақтау ұйымы мамандары, медицина қызметкерлері және басқа да талап білдіруші адамдар шақырылады. Алтын уақытыңызды үнемдегіңіз келе ме? Онда Еgov порталын пайдалану бойынша тренинге келіп қатысыңыз.

Байланысшы: Рахимбаева Бахтылы, тел. 261333, ішкі 119

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26339484
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102