«Рухани жаңғыру» «Абай әлемі» кітап сериясы-IV «Ақ ертіс» Халықаралық классикалық музыка фестивалінде
- Толығырақ
- Құрылды 07.09.2018 18:42
Облыс орталығының туған күні аясында қаламызда биыл төртінші рет аймақ басшысы Д.К. Ахметовтің бастамасымен «Ақ Ертіс» II халықаралық классикалық өнер фестивалі өтті.
Фестивальға қатысу үшін қаламызға Италия, Испания, Сербия, Перуден классикалық музыка майталмандары жиналды. Фестиваль қонақтары үшін театрдың фойесінде кітапхана мамандары «Абай әлемі» сериясымен басылып шыққан кітаптардың көрмесін ұсынды.
«Абай әлемі» сериясы кітаптар топтамасы жобасы «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасы аясында жергілікті авторлардың шығармаларын танымал ету, еліміздің әдебиетінің дамуына үлес қосып, жастарды туған жерді сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында іске асырылуда.
«Абай әлемі» кітап сериясымен жыл сайын жаңа кітаптар басылып шығады. Жобада бұрын жарияланбаған немесе кішігірім тиражбен басылып шыққан авторларға ерекше назар аударылады.
Жоба аясында Әзілхан Ннұршайықов, Әди Шәріпов, Қалихан Ысқақ, Оралхан Бөкей, Борис Щербаков, Анатолий Иванов, Марат Қабанбаев, Ұлықбек Есдаулетов, Әлібек Қаңтарбаевтардың шығармалары басылып шығады. Сондай-ақ, оқырман назарына Г. Гребеньщиковтың Алтайға этнографиялық саяхаты және В.Обручев, Б.Герасимов, Н.Долгополов, Е.Михаэлис, Н.Коншин сияқты өлкетанушылардың еңбектері ұсынылады.
Құрметті оқырмандар «Абай әлемі» кітап көрмесін кітапхананың оқу залынан көріп, таныса аласыздар!
|
|
|
|
|
|
|
Байланысшы: Ашкенова Жансая тел.261 333
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26336497
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы