Кітапхананың Америка бұрышындағы кездесулер, семинарлар, тренингтер
- Толығырақ
- Құрылды 03.11.2018 11:18
Кітапханаға Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің мәдениет атташесінің орынбасары Лэнс Эриксон және Қазақстандағы АҚШ елшілігінің Америка бұрыштарының үйлестірушісі Каримов Зарина келіп қайтты.
Қонақтардың сапары - кітапхана мен АҚШ Елшілігінің арасындағы әріптестік, достық қарым-қатынастардың көрсеткіші.
Лэнс Эриксон кітапхана орталықтарының жұмысымен танысып, клуб, үйірмелерде болып, оқытушыларға арналған 3 D –моделдеу семинар-тренингіне қатысты.
2003 жылы алғаш рет Қазақстанда біздің кітапханада АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің Американдық бұрыштар құру жөніндегі бағдарламасы бастау алған болатын. Міне, екінші онжылдық бұл серіктестік жобасы тұрақты дамып келеді.
Сапар барысында Эриксон мырза Қазақстан-Америка еркін университеті студенттерімен және FLEX, SUSI, English Access Microscholarship бағдарламасының түлектерімен кездесті.
Бұл күндері кітапхананың Coworking орталығында қаланың, аудан орталықтарының, ауылдың информатика мұғалімдеріне «STEM оқыту әдіснамасы бойынша көптілділік енгізу» тақырыбында семинар өтіп жатқан болатын.
Семинар STEM саласындағы технологияларды танымал ету және оқытушылар мен студенттер арасында бағдарламалау, АКТ оқыту сапасын арттыру және т.б. үшін ұйымдастырылды.
MakerSpace шығармашылық алаңының қызметкерлері семинарға қатысушыларды ауылдық мектептерде тренингтер кезінде қолдануға болатын қосымша құралдар мен бағдарламалармен белсенді түрде таныстырды, информатика және есептеу техникасы саласында практикалық тәжірибемен бөлісті..
Оқытушылар АҚШ Елшілігінің мәдениет атташесінің орынбасары Лэнс Эриксон мен Қазақстандағы АҚШ елшілігінің Америка бұрыштарының үйлестірушісі Каримов Заринамен кездесіп, ғылыми пәндерді оқыту әдістемесі бойынша ағылшын тілінің маманы Джо Уилсонның презентациясын тыңдады.
Байланысшы: Ашкенова Ж.
Байланыс тел.: 26-39-46
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26331437
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы