homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Рухани жаңғыру»: «Шетелдегі қазақтар» сериясымен жарыққа шыққан кітаптар көрмесі
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Рухани жаңғыру»: «Шетелдегі қазақтар» сериясымен жарыққа шыққан кітаптар көрмесі

27 ақпан күні кітапханада Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы бастамасымен шыққан «Шетелдегі қазақтар» сериясы кітаптарының көрмесі ашылды.Іс-шараға мәдениет қызметкерлері, мектеп, колледж кітапханашылары, студенттер келді.

Қазіргі таңда әлемнің 40-тан астам елінде тұрып жатқан қазақ диаспорасының саны 5 млн. асады. Кездесуде Дүние жүзі қазақтары Қауымдастығының ШҚО филиалының төрағасы Әскерхан Ақтай Қауымдастық қызметі жайлы, тарихи отанынан тыс жердегі және еліне оралған қазақ мәдениеті мен өнері қайраткерлерінің «Шетелдегі қазақтар» сериясымен әр жылдары жарық көрген еңбектерін насихаттау барысында атқарылып жатқан жұмыстары жайлы әңгімеледі.

Әскерхан Ақтай, Дүние жүзі қазақтары Қауымдастығының ШҚО филиалының төрағасы
Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының мақсаты – Ұлттың рухани бірлігін нығайтуға бағытталған шетелдегі қазақ диаспорасының шығармашылығына қолдау көрсету. Қазақтың ұлттық мәдениетінің рухани байлығын сақтап, дәріптеуде шетелдегі қазақ диаспорасының еңбегі ерен.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында тарихтан сабақ ала отырып, қазіргі заманды жете түсінбей қоғамдық сананы жаңғырту мүмкін еместігі айтылады. Сол себепті, еліміздің және әлемнің өткені мен бүгінін қайта ой елегінен өткізу –дүниетанымдық, идеологиялық жұмыстың бір бөлігі, ал бұған ауқымды үлес қосып отырған «Шетелдегі қазақтар» сериясымен жарыққа шығып жатқан кітаптардың авторлары – этникалық қазақтар.

Шаймарданова Лязипа, кітапханашы
Жарық көрген еңбектердің қатарында Қытай, Моңғолия және басқа елдердегі қазақ диаспорасы жайлы ғылыми-зерттеу жинақтары, Қытайда қазақ жазба әдебиетінің негізін салушылардың бірі Қажығұмар Шабданұлының «Пана» романы, Өзбекстандағы қазақ ақындарының «Алтын алқа» өлеңдер жинағы, Халифа Алтайдың Алтайдан қоныс аударушылар жайлы жазылған «Алтайдан ауған ел», Қытай ғалымы Су Бихайдың қазақ мәдениетіне арналған «Қазақ мәдениетінің тарихы» және т.б. бар.
Кітап көрмесінде оқырман қауымға Арғынбай Жұмажанұлының «Балапан қаз», Арғынбек Апашбайұлының «Жыр-ғұмыр», Абданбай Бажаевтың «Күн өз кеудеңнен туады» және Өнерхан Өгізбайлының «Тағдыр талқысында» кітаптары да ұсынылады. Көрмеден орын алған Ботагөз Уатқанның «Атажұртқа жеткен көш» кітабында ХХ ғасырдың 90 жылдарында Моңғолиядан атажұртқа бел алған алғашқы көш жайлы сөз болса, Моңғол қазақтарының азапқа толы көші туралы Сұлтан Тәукейдің «Арыстардың арманы» деректі романында ашық жазылған. Ал Серікқали Байменшенің «Дәнекер» эссе-әңгімелерінде Ресейде тұратын отандастарымыз жайлы мағлұмат беріледі.

Іс-шараға қатысушы қонақтар – Облыстық мәдениет саласы қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Түсіпхан Түсіпбекұлы, «Достық үйі» – Қоғамдық келісім орталығының директоры Төлеубеков Эльдар Төлеубекұлы, ақын Дүниежүзі Қазақтары Қауымдастығының мүшесі Қызырбек Дүргінбайұлы этникалық қазақтардың шығармашылығы, Дүниежүзі Қазақтары Қауымдастығының атқарып жатқан жұмыстары жайлы ойларымен бөлісті.

Aktai1 Aktai2 Aktai3 Aktai4 Aktai5
 Aktai6  Aktai7  Aktai8  Aktai9  Aktai10

 

Байланыс тел.: 261333.

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26343726
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102