Айтыс өнерінің саңлағымен кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 30.03.2019 19:55
4 сәуір күні сағат 15.00-де А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Зайсан ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, аймақтық, республикалық, халықаралық айтыстардың жеңімпазы Серік Құсанбаевпен шығармашылық кездесу өтеді. Жуықта жерлесіміз Петропавл қаласында өткен республикалық ақындар айтысында бас жүлдені иеленіп, үлкен жеңіспен оралды.
Серік Құсанбаев 10 сағаттан арта уақытқа созылған айтыста еліміздің 20-дан аса мықты айтыскер ақындары арасынан ең үздік деп танылды. Айтысты отандық мәдениеттің майталманы Жүрсін Ерманның жүргізуі де оның жоғары рейтингісін көрсетті. Бұл Республикалық суырып-салма ақындар сайысының тақырыбы 60 жылдық мерейтой иесі, өмірден ерте озған Солтүстік Қазақстанның Мәдениет қайраткері, ақын, драматург, аудармашы, театр режиссеры, «Мәдениет және тұрмыс» журналының тілшісі Ерік Асқаровтың шығармашылығына арналды.
Серік Құсанбаевты жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс пен жетістік тілейміз!
Жерлесіміз, «Дидар» газетінің тілшісі Серік Құсанбаев 1963 жылы 24 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында дүниеге келген. Жерлес ақынымыз 30 жылдан аса уақыт айтыс алаңындағы өнер жекпе-жегінде. Бүгінгі таңда Серік Сәдуақасұлы көп мәрте ақындар айтысының жеңімпазы және еліміздегі суырып салма ақындықтың асқан шебері. Сонымен бірге Серік Құсанбаев «Байғыз», «Жырлаумен өткен 20 жыл» кітаптарының авторы. Оның мақалалары республикалық және аймақтық мерзімді басылымдарда жарияланып тұрады. Серік Құсанбаевтың шығармашылығына мамандар жоғары баға беруде, өйткені ол журналист ретінде де, айтыскер ақын ретінде де өзекті мәселелерді көтереді.
Құрметті өскемендіктер, 4 сәуір күні сағат 15.00-де А.С.Пушкин атындағы кітапханаға ақынның қуанышымен бөлісіп, сауалдарыңызды қойып, белгілі жерлесімізбен жақынырақ танысуға шақырамыз!
Кітапхана есігі Сіздер үшін әрқашан ашық!
Байланыс: Рахимбаева Б.С., тел.: 261333
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26342270
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы