Қазақтан шыққан тұңғыш инженер – Мұхамеджан Тынышбаев
- Толығырақ
- Құрылды 20.05.2019 13:10
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 23 мамыр күні сағат 15.00 –де кітапханада қазақтың көрнекті саяси жəне қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алашорда үкіметінің мүшесі, тарихшы- ғалым,этнограф, қазақтан шыққан тұңғыш темір жол қатынастарының инженерінің ығармашылығына арналған «Қазақтан шыққан тұңғыш инженер – Мұхамеджан Тынышбаев» атты ғұмырнамалық кеш өтеді.
1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысы Лепсі уезі Мақаншы –Садыр болысының Ешкіөлмес тауының маңайында (қазіргі Алматы облысы Қабанбай ауданы) дүниеге келген М. Тынышбаевтың өз халқына жасаған игілікті істері ұшан –теңіз.
«Үлкен террор» құрбаны болған әмбебап ғалым, халқымыздың біртуар перзентінің талайлы тағдыры туралы тамаша естеліктер айтылып, алаш арысының артында қалған мұрасы кеңінен насихатталмақ. Мұхаметжан Тынышбаевтай қазақтың арда ұлының артында қалған мұрасын насихаттауда ұрпақтарының сіңірген еңбегі зор екенін бейнефильм арқылы тамашалау мүмкіндігі бар.
«Алаш арысы Мұхаметжан Тынышбаев» атты көрмеде қоғам қайраткерінің өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер ұсынылады.
Мамыр айының соңғы күні ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған.
Кешке теміржолшылар, студент жастар, зиялы қауым өкілдері шақырылып отыр.
Байланысшы: Слямова Зиза, тел. 261333, ішкі тел.: 123
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26340749
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы