homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВДомбыра және Нұр-Сұлтан: Ұлы даланың жаны, рухы, тарихы....
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Домбыра және Нұр-Сұлтан: Ұлы даланың жаны, рухы, тарихы....

А.С. Пушкин атындағы кітапханада Астана күні мен Домбыра күніне арналған мерекелік бағдарлама 6 шілде күні сағат 11.00-де «Домбыра және Нұр-Сұлтан: Ұлы даланың жаны, рухы, тарихы....» деген атпен өтеді. Қонақтар мерекеде Арлан Сүлейменовтің орындауында қазақ халқының күйлерін тыңдап, киелі аспаптың шығу тарихы туралы ақпараттармен таныс болады.

Мерекеде Астанаға ән арналып, еркін микрофонда қонақтарымыз музыкалық, поэтикалық құттықтауларын жолдай алады.
Еліміздің астанасы Нұр-Сұлтанның даму тарихы, сондай-ақ домбыра, ұлы орындаушылар, музыканттар, Құрманғазы, Дина сияқты композиторлар туралы ақпараттар әдебиеттер көрмесінен орын алады. Қазақ халқының рухани дүниесінде күй өнерінің алатын орны ерекше. Ол біздің рухани болмысымыздың, дүниетанымыздың тұғыры биік асыл мұрасы. Сондықтан халқымыз күйшілерді өте жоғары бағалаған. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!» - деп, қазақтың белгілі ақыны Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлап кеткендей домбырада асқақтата ән салып, күмбірлете күй төккен өнерпаз халқымыздың асылынан артық, қастерлеп үкі таққан, жалғызындай аялап қақ төріне ілген ең қымбат, ең сүйікті музыкалық аспаптардың бірі – домбыра.
Сондықтанда домбыраның құлағында ойнайтын, өзі ойнап қана қоймай үйренемін деп тілек білдірген кез-келген жанды үйретуге әрқашан дайын талантты домбырашы Арлан Сүлейменовпен кездесу қонақтарымыз үшін ерекше әсер қалдырары сөзсіз. Кәсіби музыкант, Алматы қаласындағы Чайковский атындағы өнер колледжінің түлегі Арлан – он екі сабақта домбырада ойнауды үйретеді. Арланның айтуынша, он екі сабақтан кейін шәкірттері домбыраны әуесқойлық деңгейде ойнайды.
Оның сабақтары адамның мінезі мен білім деңгейіне негізделген. Ол классиканы немесе рокты жақсы көре ме, нота немесе есту арқылы оқи ма? Бала кезден халық аспаптарын ойнауды армандайтын ересектер үшін Арланның музыкалық сабақтары арқасында өз армандарын іске асыруға мүмкіндік алады.
Баршаңызды Астана күні мен Домбыра күніне арналған мерекелік бағдарламаны тамашалауға шақырамыз.
6 шілде күні сағат 11.00-де біздің мерекемізге қош келдіңіздер !!!


Байланысшы: Ашкенова Ж. тел. 608980

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26338462
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102