Автордан сыйлық
- Толығырақ
- Құрылды 06.09.2019 11:30
Біздің оқу залымыздың кітап қоры бүгін Қанат Мұратбекұлы Жүкешевтің «Философия языка» атты жаңа кітабымен толықты.Бұл оқиға кітапхана үшін маңызды болды, өйткені автор кітаптарын 5 қыркүйекте аталып өтілетін жаңа ұлттық мереке - Тілдер күніне сыйлады.
Кітапхана директорының орынбасары Меруерт Емелбаева және Өлкетану бөлімінің маманы Зиза Слямова автормен «Тіл -татулық тірегі» кітап көрмесінің жанында кездесті.
Қанат Мұратбекұлы көрмеде ұсынылған әдебиеттер тек қарапайым оқырманды ғана емес, сонымен қатар жазушылық және ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысып жүрген жандарды да қызықтыратынын айтты.
Қазіргі уақытта Қанат Мұратбекұлы мемлекеттік тіл саласында зерттеулер жүргізуде. Жазушы 100-ден астам ғылыми еңбектердің, оның ішінде 2 монографияның, 5 оқулықтың, 13 оқу-әдістемелік құралдың авторы.
Оқырмандар назарына ұсынылған кітапта әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар, философия, әлеуметтану, мәдениеттану, әлеуметтік психология, тарих сияқты қол жетімді салалардағы қазақ тілінің өзекті мәселелері талқыланады.
Автор тарихтың қазіргі даму жағдайында қазақ тілінің сыртқы әлеммен байланысын көптеген мысалдарда көрсетеді.
Жаңа кітаптар кітапхана қорын толықтырды және оқырмандарын күтуде!
Байланысшы: Ж. Ашкенова
Байланыс тел.: 26-39-46
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26341717
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы