«Mendeleev Lab» - жаһандық химиялық зертхана
- Толығырақ
- Құрылды 20.09.2019 11:17
12 қазан 2019 жылы А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының Білім орталығында «Mendeleev Lab» («Химиялық зертхана») ғаламдық білім беру әрі ағартушылық бағыттағы акция өтеді. Іс-шара БҰҰ мен ЮНЕСКО жариялаған Халықаралық химиялық элементтердің периодтық кестесі жылы шеңберінде бірнеше ондаған елде өтеді. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ. 12 қазан – Михаил Ломоносов Петербург Ғылым академиясы жанында негізін қалаған алғашқы химиялық зертхананың туған күні саналады.
Жаһандық химиялық зертханалық – "ХимЛаба" – бұл химиялық білім призмасы арқылы әлем туралы өз түсініктерін қызықты тексеру. Озонға бай ауа пайдалы ма? Күнде су бар ма? Сынаптан алтын жасауға бола ма? «Лаборанттарға» түрлі нұсқадағы 39 тапсырма беріледі, оның ішінде химиялық элементтердің «үш өлшемді» кестесіне ғана емес, сонымен қатар химия айналасындағы ең таралған мифтерге арналған "мерейтойлық" айдар да бар.
Викторина екі нұсқада болады: ересектерге және балаларға арналған. Сондықтан, акцияға бүкіл отбасымен келу қажет. Іс-шараны «зертхана меңгерушілері» – тәжірибелі химия оқытушылары мен ғылым насихаттаушылары жүргізіп, дұрыс жауап табуға көмектеседі. Жоғары балл жинаған қатысушылар халықаралық химиялық зертхана жеңімпаздарының беделді сертификаттарын иеленеді. Акция соңында барлық қатысушыларды келесідей керемет қосымша бағдарлама күтеді – химиялық тәжірибелер, эксперименттер мен көрсетілімдер. Сондай-ақ, викторинаның онлайн нұсқасына да қатысуға болады.
Кітапхананың оқу залында «Химиялық зертханаға» алдын-ала дайындалып, жаратылыстану-ғылыми білімді жаңартуға болады. Сіздер үшін – «Библиотека энциклопедий» сериясының керемет басылымдары, химия пәнінен ғылыми-танымдық кітаптар, «Oyla», «Эрудит», «Наука и жизнь» және т.б. танымал журналдар. Сондай-ақ, кітапханада білім ресурстарын ақысыз Интернет арқылы пайдалануға болады.
Біз «Mendeleev Lab» акциясына барлық батыл да білімқұмар жандарды шақырамыз. Өзіңіздің ғылыми сауатыңызды тексеріп, демалыс күнін пайдалы өткізіңіз. Іс-шара қызықты болып, көңіліңізден шығатынына сенімдіміз!

Байланысшы: Максимова Марина,
тел.: 261-333, 87053180950
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26338216
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |

+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы