Рухани жаңғыру: Алтайдың ақтаңгері Ақтан ақын
- Толығырақ
- Құрылды 19.11.2019 16:47
Бүгін 19 қараша күні 15.00-де ы кітапханада белгілі жерлес ақын Ақтан Нұрбаевты еске алуға арналған Жас ақындар мүшәйрасының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздары марапатталды.
А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхана Ақтан Нұрбаевты еске алуға арналған Ақындар мүшәйрасын Жастар жылында жастардың шығармашылығына қолдау көрсету үшін «Восток Агрохолдинг» ЖШС-нің демеушілігімен жарияланған болатын.
Әскерхан Ақтай, ақын-драмматург:
Байқау шартына сәйкес 29 жасқа дейінгі жас сайыскер ақындар қазылар алқасы қарауына бұрын жарияланбаған екі өлеңін ұсыну қажет болған: біреуі ақын Ақтан Нұрбаевты еске алуға арналса, екіншісі Шығыс Қазақстанның табиғаты, оның әдемі және қасиетті орындары мен нысандары туралы болу керек. Байқауға өлеңдерді қабылдау 2019 жылдың 25 қазанында аяқталды. Біздің облыстың шығармашылық жастары байқауды назардан тыс қалдырмай, 31 жас ақын өз өлеңдерін жіберді.
Белгілі ақындардан құралған Қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші орынға республикалық бірнеше мәрте жыр сайыстарының жүлдегері, танымал жас ақын, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың магистранты, Шәкәрім атындағы №1 орта мектебінің ұстазы Дәулетберді Жекей ие болды.
Бірнеше республикалық байқаулардың жүлдегері, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың студенті, облыстық «Дидар» газетінің тілшісі Оразай Жеңісұлы 2-орын иеленсе, танымал жас ақындар С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың студенті Естай Жаңабай және Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті Қуаныш Еркінұлы 3-орынды иеленді.
Арнаулы сыйлықтар аягөздік жас ақын Жандос Тұрсын мен өскемендік Мұхтар Сержанға берілді.
«Алтайдың ақтаңгері Ақтан ақын» мүшайрасына қатысқан барлық жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтай отырып, жас ақындарымызға шығармашылық табыс тілейміз!
Байланысшы: Ашкенова Жансая , тел.261 333,(119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26331848
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы