homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Тәуелсіздік шежіресі»
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Тәуелсіздік шежіресі»

5 желтоқсаннан бастап А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік шежіресі» атты әдебиеттер көрмесі жұмыс істеуде. Көрмеге келушілерді тақырыпқа байланысты кітаптар, мерзімді басылымдар мен бірегей туындылар күтеді.

Кітап көрмесі тәуелсіз еліміздің қалыптасуы мен дамуын айшықтайтын негізгі кезеңдерді көрсететін бірнеше бөлімдерден тұрады. Қазақ хандығы қалай құрылды, оның саяси, құқықтық жүйесі қалай қалыптасты? Өз тәуелсіздігін қорғап қалу жолында қазақ хандары мен би-сұлтандары, батырлары қандай қиындықтарға кезікті? Көрменің 15 -19 ғғ. аралығын қамтитын «Қазақ мемлекеттілігінің тарихы» бөлімі осы сұрақтарға жауап береді. Осы бөлімдегі ғалым жерлесіміз, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры С.Қ. Игібаевтың «История Казахстана в источниках и материалах» атты түрлі дереккөздерге талдау жасаған зерттеу еңбегі аса құнды. Ол студенттер мен оқытушыларға, тарихшы-зерттеушілер үшін ежелгі заманнан жаңа заманға дейінгі Қазақстан тарихына арналған маңызды дереккөз бола алады. Тарихшы ғалымдардың бірлескен еңбегінің нәтижесі – «История казахской государственности» басылымын, Санкт-Петербург университетінің профессоры, белгілі тарихшы-шығыстанушы Т.И Сұлтановтың «Поднятые на белой кошме. Ханы казахских степей» және «Рождение казахской государственности. История казахского ханства» монографияларын, тарих ғылымдарының докторы Б.Б. Кәрібаевтың «Қазақ хандығының құрылу тарихы» еңбегін, Л. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің профессоры Ж.. Артықбаевтың «Жеті жарғы – мемлекеттік және құқық ескерткіші» монографиясын, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістеріне арналған «Каһарлы 1916 жыл = Грозный 1916 год» атты құжаттар мен материалдар жинағын және т.б. ерекше атауға болады.
20 ғ. басындағы қазақтың маңдай алды зиялы қауымы бас қосып, ұлт мүддесі үшін қызмет жасаған «Алашорда» партиясының қазақ тарихында алатын орны ерекше. 100 жыл өтсе де «Алаш» көшбасшыларының терең ойлылығы, олардың адалдығы мен табандылығы, жанқиярлығы мен ұлттың рухани жаңғыруына әкелетін жол іздеуі таң қалдырады. Осы тақырыпқа арналған материалдар көрменің «Алаш қозғалысынан тәуелсіздікке дейін» бөлімінен орын алған. Оқырман назарына «Алаштану» ғылыми-зерттеу орталығының «Восточное отделение правительства Алашорды» құжаттар жинағы, тарих ғылымдарының докторы Д.А. Аманжолованың «Алаш: исторический смысл демократического выбора» монографиясы, отарлық саясат пен 17-19 ғғ. ұлт-азаттық көтерілістерді зерттеуші ғалым В.З. Галиевтің «Книга, разбудившая народ» еңбегі, өлкетанушы, мұрағатшы А.А. Аубакировтың мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалары мен мұрағат құжаттарының жинағы және т.б. ұсынылады.
Көрменің «Тәуелсіздік тағылымы» бөлімі Кеңес одағы республикаларындағы шынайы ұлттық мемлекеттің жоқтығы мен терең дағдарыстық жағдайды көрсететін 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына арналған. Мұнда белгілі авторлар М. Шахановтың «Желтоқсан эпопеясы», Н. Кенжегулованың «Декабрьское восстание 1986 года в печати Казахстана», Г. Қасымовтың «Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы және Шығыс Қазақстан», «Декабрь 1986: документальная хроника» және «Независимый Казахстан: декабрь 1986 года» материалдар мен ғылыми зерттеулер жинағы және басқа басылымдар ерекшеленеді.
Қазақстанның тарихи ретроспективасы 15-20 ғасырлар аралығында 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңның жариялануымен аяқталған ұлт-азаттық қозғалыстың үздіксіз үрдісінің болғандығын көрсетеді. Мемлекеттілікті құрудың жаңа кезеңінің негізгі қадамдары қандай болды? Қазақстан Республикасының жаңа мемлекетінің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени өміріндегі маңызды мәселелер қалай шешілді? Осы сауалдарға жауапты оқырмандар көрменің «Бұл біздің тарихымыздың жолдары», «Егемен еліміздің негізін қалаушы», «Нұр-Сұлтан – Еуразия жүрегі», «Әлем таныған Қазақстан» бөлімдерінде ұсынылған басылым беттерінен таба алады. Бұл бөлімдерде тәуелсіздік жылдарындағы заңнамалық актілерді көрсететін «Летопись независимости» үш томдығына, алты тәуелсіз зерттеу институтының «Становление и развитие независимого Казахстана: социогуманитарный анализ» атты ғылыми еңбегіне, «История независимого Казахстана» және «Инициативы, направленные в мир» ұжымдық жинақтарына, сондай-ақ, А. А. Морозовтың «Казахстан за годы независимости» және т. б. басылымдарға назар аударған жөн.
Тұңғыш Президентіміз, Н.Ә.Назарбаевтың егеменді мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқаны сөзсіз. Ұлт көшбасшысы өзінің сөйлеген сөздерінде, сұхбаттарында және ойларында жүзеге асырылып жатқан стратегияны қарапайым және нақты түсіндіреді. Олар Елбасының «История независимости в вопросах и ответах», «Тәуелсіздік дәуірі», «Еуразия жүрегінде», «Хроника глобального диалога. Казахстан в контексте мировых тенденций» және т.б. авторлық кітаптарында ұсынылған. Сондай-ақ, оқырмандарға еліміздің астанасы туралы «Астана. История столицы и края XIV-XIXвв.» ғылыми еңбектер жинағы, А. Джаксыбековтің «Так начиналась Астана: записки первого акима столицы» кітабы, «Астана: столица XXI века» керемет альбомы т.б. әдебиеттерді парақтаған қызықты болмақ.
Қазақстан тарихында еліміздің көптеген шешілмеген құпиялары мен рухани байлығының ашылмаған қазыналары сақталған. Сондықтан бізді алда әлі талай таңқаларлық жаңалықтар мен ашулар күтіп тұр. Бұл өте қуантарлық жәйт. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!

 

Байланыс тел.: 26-13-33

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26341443
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102