Кітапханада «Ашық зертхана-2020» акциясы өтті
- Толығырақ
- Құрылды 08.02.2020 14:52
8 ақпан сағ.10.00-де А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының Білім орталығында ғылыми сауаттылыққа арналған биылғы жылғы алғашқы ағартушылық бағыттағы – «ЛАБА-2020» акциясы бастау алды. Тақырыптық «Зертхана» ғалым-энциклопедист Әл-Фарабидың 1150 жылдығына арналып, жаратылыстану ғылымдарының кең ауқымын қамтиды: химия, физика, биология...
«Ашық зертхана» жобасының тарихы 2017 жылы басталған болатын. Ол кезде акция Ресейдің 37 қаласында және 3 елде өтті. Ал 2019 жылы Зертхана аумағы 40 елді қамтыды, оның ішінде Қазақстан да бар және қатысушылар саны миллион адамға жетті.
«Қарастырылған сұрақтар қызықты әрі адамды ойландыруы тиіс. Мысалы: Найзағай бір жерге екі рет түсуі мүмкін бе? Барлық металдар ағаштан мықты ма? Расында да Эйфель мұнарасы жазға қарағанда қыста биік пе?»,- дейді «Ашық зертхана» жобасының негізін қалаушы, меценат әрі бизнесмен Роман Авдеев.
«ЛАБА-2020» екі нұсқада өтті: ересектерге және балаларға. Химия пәнінің тәжірибелі оқытушылары мен ғылым насихаттаушылары аталған шараны жүргізіп, дұрыс жауаптарды талдауға көмектесті. Барынша жоғары балл жинаған қатысушылар халықаралық зертхана жеңімпаздарының беделді дипломымен марапатталды. Акция соңынан барша қатысушылар химиялық тәжірибелер мен физикалық эксперименттерге бағытталған қосымша бағдарламаларға қатысты. Сондай-ақ, викторинаның онлайн нұсқасына да қатысты.
Қатысушылар кітапхананың Білім орталығындағы Әл-Фарабидың ғылыми-әдеби бұрышынан Зертханаға алдын-ала дайындалып, жаратылыстану саласы бойынша білімдерін жаңартты. Сіздер үшін химия, физика, биология, астрономия пәндері бойынша ғылыми-танымдық кітаптар, «Oyla», «Юный эрудит», «Техника – молодежи» тәрізді журналдар мен Әл-Фарабидың өмір жолы, шығармалары және трактаттары ұсынылған.
Байланысшы: Максимова Марина,
тел.: 261-333, 87053180950
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26338216
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |





















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы