homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВЖазушы, ғалым Нұрдәулет Бәбиханұлы Ақышпен онлайн кездесу
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Жазушы, ғалым Нұрдәулет Бәбиханұлы Ақышпен онлайн кездесу

7 мамыр күні сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, Халықаралық Ж. Жабаев атындағы және Алаш сыйлықтарының иегері Халықаралық сыншы-әдебиетшілер Ассоциациясының дипломанты, жерлесіміз, жазушы Нұрдәулет Ақышпен инстаграм желісіндегі @nurdauletakysh парақшасында онлайн кездесу өтеді.

Нұрдәулет Бәбиханұлы Ақыш 1950 жылы 15 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Маңырақ ауылында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін тәмамдаған. Республикалық «Мектеп», «Жалын» баспаларында редактор, «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз», «Қазақстан мұғалімі», «Халық кеңесі», «Заң газеті», «Дат» газет-журнал редакцияларында, «Қазақфильм» киностудиясында сценарийші, республикалық ғылыми-педагогикалық «Білім – Образование» журналында бас редактор, Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында қызметтер атқарған. Қазіргі таңда М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында Тәуелсіздік дәуіріндегі әдебиет және көркем публицистика бөлімінің бас ғылыми қызметкері.
Республикалық баспасөзде алғаш рет 1972 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде «Қиянда» атты әңгімесі жарық көріп, оқырман көңілінен шыққан. «Жалын» баспасынан «Жұмбақ іздер» кітабы басылып шыққан. Балаларға арналған «Әбдіреден шыққан қылыш», «Киелі көлдің қарақшылары», «Бейуақта жанған от», «Жұмбақ іздер», «Қиырдан келген көгершін» атты туындылары мектеп оқулықтарына енген. Жазушының "Жұмбақ іздер", "Таң алдындағы дабыл", "Батпақты тоғай басында", "Киелі көлдің қарақшылары" шығармалары кезінде "Жалын" баспасының жабық байқауында жүлделерге ие болған.
Құрметті қауым жиырмаға жуық көркем және ғылыми әдебиет кітаптарының авторы, жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы Нұрдәулет Ақышпен онлайн кездесуге шақырамыз!
Байланысшы: Нұргүл Темешева, тел.: 87775794419

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26338216
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102