Алашордалықтар – саяси қуғын-сүргін құрбандары
- Толығырақ
- Құрылды 20.05.2020 22:23
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай А. С. Пушкин атындағы кітапхана оқырмандарды өткен ғасырдың 30-жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына айналған алашордашылардың құрметіне арналған үш онлайн кездесуге шақырады. Сол кездегі қазақ зиялы қауым өкілдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, Смағұл Сәдуақасов, Нәзір Төреқұлов және басқалары ел Тәуелсіздігінің іргетасын қалаған «Алаш» саяси партиясы мен Алаш үкіметінің қайраткерлері болды.
29 мамыр күні сағ. 11.00-де журналист, әдебиет тарихшысы Заңғар Кәрімханмен @Заңғар Кәрімхан Instagram парақшасында «Алаш арыстары: соңғы сөз, соңғы сурет» тақырыбында онлайн кездесу өтеді.
Заңғар Кәрімхан 1985 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының Ахметбұлақ ауылында дүниеге келген. Қазіргі уақытта жерлесіміз Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің докторанты және «QAZAQSTAN TARIHY» порталының қазақ нұсқасының шығарушы редакторы болып қызмет атқарады.
30 мамыр күні сағ. 17.00-де жас әдебиетші-ғалым, балалар жазушысы, «Дарын» сыйлығының лауреаты Елдос Тоқтарбайұлы Алаш қозғалысының белсенді өкілі, Абай мен Шәкәрім шығармаларын жинақтаушы Мұхамедхан Сейітқұлұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы әңгімелейді.
30-жылдардың соңында Абайдың, оның шәкірттері мен ізбасарлары мұраларының жойылып кету қаупі төнгенде, Мұхаметхан Сейітқұлов оларды сақтап қалу үшін барын салған. Ал әкесінің жолын соғыстан кейінгі жылдары сталиндік қуғын-сүргінге ұшыраған абайтанушы, педагог, жазушы және қоғам қайраткері Қайым Мұхамедханов жалғастырды.
31 мамыр күні сағат 15.00-де ҚР Журналистер Одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы Ғарифолла Әнеспен «Алаш арыстары: Азаттықтың азапты жолы» атты онлайн кездесу өтеді. Тікелей эфир @Anes Garifylla Facebook парақшасында ұйымдастырылады. Ғалым Алаш зиялыларының тағдыры туралы мәліметтер жинаумен айналысып, алашорда өкілі Халел Досмұхамедовке арналған «Аламан» жинағын құрастырушылардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта Ғарифолла Қабдолқайырұлы 2018 жылы ашылған Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайының директоры. Аталған мұражай М. Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану мұражайы филиалы статусында қызмет атқарады.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайында Ілияс Жансүгіров, Жұмахан Кудерин, Мұхамеджан Тынышпаев және т.б. қазақ зиялы қауым өкілдерінің құжаттық материалдары жинақталған. «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу реквиемі» залында қуғын-сүргін жылдарында зардап шеккен 4125 азаматтың аты-жөні берілген.
Байланысшы: Рахимбаева Бахтылы, тел. 870511730771
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26327387
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы