homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВМейірім мен сыйластық мерекесі
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Мейірім мен сыйластық мерекесі

Бүгін 1 қазан күні А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында жыл сайын өтетін қайырымдылық айлығын басталды. Дәстүр бойынша Қарттар күніне арналған мереке мейірім айының бастауы болды. Мерекеге орай аға буын оқырмандар мен кітапхана ардагерлері әдеби-музыкалық қонақжайда кездесіп, ән айтып, би билеп, қызықты байқаулар мен викториналарға қатысты.

Ардагерлерді құттықтауға С .Аманжолов ШҚМУ студенттері келді. Олардың орындауындағы музыкалық шығармалар кездесуге ерекше көңіл-күй сыйлады. Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлері кездесуге қатысушыларға әдістемелік-анықтамалық әдебиеттер жиынтығын, маскалар мен дәрумендер сыйлап, денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.
"Кітапхана – мейірім аумағы" айлығының ашылу қарсаңында "Алтын – ай" мүгедек әйелдер қоғамдық бірлестігінің тәрбиеленушілері "Қағаз айшықтары"атты қолөнер көрмесін ұйымдастырды. Кітапхана ардагерлері көрмедегі балалардың жұмыстарымен танысты.
Федорова Елена Сергеевна, "Алтын-ай" мүгедек әйелдер қоғамдық бірлестігінің әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы»:
Ұзақ үзілістен кейін біз кітапханадағы сабақтарымызды жаңарттық. Пандемия кезінде онлайн режимінде балалар қолөнермен айналысып, қағаздан әр түрлі бұйымдар жасап, кесте тігуді үйренді. Балалар қолөнердің бұл түрлеріне жандарын салып, үйреніп нәтижелерін көрсетуде. Бүгін біз кітапханада осындай ерекше көрме ұйымдастырдық. Бұл біздің оқырмандарға, мерекенің барлық қатысушыларына сыйлығымыз.
Кітапхананың оқу залы оқырмандар назарына «Тәні саудың – жаны сау» атты кітап экспозициясын ұсынды. Көрмеде сұлулық пен жастыққа, денсаулық пен ұзақ өмір сүруге арналған рецепттер бар әдебиеттер ұсынылған.
Давыдова Марина Михайловна, ШҚО ПМПК жоғары санатты ұстазы, Өскемен қаласы әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия мүшесі кітапхана оқырмандарына кеңес беріп, 30 қыркүйек күні білім, балалар оқуы және әлеуметтік бағдарламалар орталығында үлкен жастағы оқырмандарға арналған кеңес-әңгіме өткізді.
Александр Сребнев, кітапхана оқырманы, "В Кругу друзей" клубының мүшесі»:
Біздің кітапхана - бұл шын мәнінде мейірім аумағы. Кітапханашылар бұл атмосфераны осындай іс-шаралармен ғана емес, мейірімді сөздермен, ықыласпен жасайды. Кітапханашылар өз оқырмандарымен жомарттықпен бөліседі. Себебі кітапхана – шын мәнінде жақсылық мен мейірімнің аумағы. Қайта-қайта оралғыңыз келетін орын. Білімге, қарым-қатынасқа, сезімтал көзқарасқа, адамның жылуы мен мейіріміне оралу.

 

denidobra 1 1 denidobra 1 4   denidobra 1 10 denidobra 1 2 denidobra 1 5
 denidobra 1 17

 denidobra 1 3

 

   denidobra 1 14  denidobra 1 12  denidobra 1 6

            

Байланысшы: Ашкенова Жансая, тел.261 333, (119)

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26331848
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102