Тікелей эфир: «Аруана» - айбарлы Алтын Орда!
- Толығырақ
- Құрылды 31.10.2020 08:52
Қазақтың белгілі ақыны, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Маралтай Райымбекұлы 4 қараша күні FACEBOOK желісінің @Маралтай Райымбекұлы. парақшасынан «Аруана» - айбарлы Алтын Орда!» тақырыбымен тікелей эфирге шығады.
Көрнекті ақын Маралтай Райымбекұлының «Аруана» деп аталатын осынау тарихи поэмасы 13 ғасырдағы Алтын Орда тұсында гүлденіп өркендеген, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Сарайшық шаһарының тағдыр-талайын тарихи негіздерге сүйене отырып, терең философиялық астармен мистикалық сарында құнарлы көркем тілмен айшықталған сүбелі дүние.
Бұл шығарма ұлт әдебиетінің қазынасына қосылған көркем туынды ғана емес, сондай-ақ айбарлы Алтын Орда мемлекетінің құрылғанына 750 жыл толып отырған мерейтойға да лайықты тарту-таралғы болмақ. Сұхбат иесі «Аруана» поэмасы жайлы, жазылу тарихы туралы оқырмандармен ой бөлісіп, сауалдарға жауап береді. Өлең оқиды. «Аруана» Алтын Орда мемлекетінің тұтас дәуірін қамтитын сүбелі туынды.
Маралтай Райымбекұлы Ыбыраев 1969 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданында туған. Өлеңдері 1987 жылдан бастап республика басылымдарда жарияланып келеді. Тұңғыш кітабы «Ай-нұр» (1996) «Жазушы» баспасынан шықты.
Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері. Ол қазақ поэзиясына жаңа сарын әкелген ақын. Маралтайдың өлеңдері түрлі шет тілдеріне аударылған. Ондаған жыр жинақтары шыққан. Бірқатар мүшәйралардың жеңімпазы.
Байланысшы: Аскерхан Ақтай, тел.:8701183 00 84
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26330089
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы