Біздің кітапханашылар: Рахимбаева Бахтылы
- Толығырақ
- Құрылды 19.11.2020 11:53
А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың көрме жұмысы секторының жетекшісі Рахимбаева Бахтылы Секеновна «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталды.
Бахтылы Секеновна Рахимбаеваның кәсіби мансабы облыстың кітапхана ісімен байланысты салада өткен. Ол Өскемен қаласының орталық кітапханасында, А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада жұмыс істеп, ұзақ уақыт бойы Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының бас маманы ретінде облыс кітапханаларына жетекшілік еткен. Бахтылы Секеновнаның еңбек өтілі - 43 жыл, соңғы алты жыл облыстық кітапхананың бұқаралық-ұйымдастыру орталығын басқарды. Оның қызмет саласы: кітапхананың ресурстары мен қызметтерін жылжыту, әріптестікті дамыту, жергілікті қоғамдастықта кітапхананың беделін нығайту.
Шағиева Бибігүл Жамбылқызы, ШҚО мәдениет басқармасының «А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының» директоры:
- Бахтылы Секеновна бүкіл өмірін кітапхана мамандығына арнады, ол маған үнемі жаңа дағдыларды үйреніп, дамып келе жатқан технологияларды игеруге деген ұмтылысымен ұнайды. Онымен сөйлесу әрдайым қызықты, ол көп оқиды және бәріне өз пікірі бар. Бахтылы Секеновна заманауи ақпараттық технологияларға жақын және күнделікті тәжірибеде өз дағдыларын қолдана біледі. Ол кітапхананың іс-шаралары туралы материалдарды жедел дайындап, кітапхана жаңалықтарын таратуды ұйымдастырып, кітапхана веб-сайтының беттеріне баспасөз хабарламаларын орналастырып, әлеуметтік желілердегі (Фейсбук, ВКонтакте, т.б.) кітапхана аккаунттарында бұқаралық іс-шараларды жариялайды. Сонымен қатар, Бахтылы Секеновна кітапхананың қызықты жобалары мен бағдарламалары туралы материалдарды жариялап, облыстық және республикалық теледидардың жаңалықтарында жариялайтын жергілікті БАҚ-пен де қызметтестік орнатқан. .
Рахимбаева Бахтылы Секеновна - халықаралық кітапханалық конференцияларға қатысушы (Финляндия, Сингапур, Франциядағы ИФЛА). Ол шетелдік кітапханалармен қызығушылықпен танысып және халықаралық кітапханалық тәжірибелерді зертеп, оны жұмыста қолданып отырады. Күнделікті тәжірибеде Бахтылы Секеновна кітапханалық инновациялар мен жаңашыл шешімдерге белсенді қолдау көрсетеді.
Әріптестері Бахтылы Секеновнаның еңбекқорлығын, жоғары жұмыс қабілеттілігін, кәсіби білімі мен тәжірибесін ерекше бағалайды.
Рахимбаева Бахтылы Секеновна:
- Кітапханашының жұмысында маған ұнайтыны ¬¬– сүйікті кітабыңды оқып онымен бөлісе білгенің үшін тіпті жалақы төледі. Жас кітапханашыларға тілерім - кітапты, оқуды және оқырманды сүйіңдер, ақпарат түрлілігін түсініп, өз миссияң мен кітапхана миссиясын жетік біліңдер.
Байланыс тел.: 26-13-33 (119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26330089
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы