«Рух Рауаны» ақын Ержан Алаштуғанмен онлайн кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 11.01.2021 15:35
13 қаңтар күні кітапхананың ұйымдастыруымен қазақтың бір туар азаматы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, аудармашы Ержан Алаштуғанмен «Рух Рауаны» тақырыбында инстаграм @Pushkinlibrary. @_alashtugan_ парақшаларында онлайн кездесу өтті.
Ержан Алаштуған - әдеби ортаға тоқсаныншы жылдардың басында танылған ақын. 1975 жылы Жезқазған облысы, Қаражал қаласында туған. Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын №2 Республикалық мектеп-интернатта оқыған. Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетінің түлегі. Ұлттық Ғылым Академиясының Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану Институтында, Қарағанды облыстық мәдениет басқармасында қызметтер атқарған. Шығармалары алғаш «Толқыннан толқын туады» ұжымдық жинағына енген. «Тақсыр, Күн», «Ашиналардың Аспаны» кітаптарының авторы. «Алпауыт ақындар" антологиясының және "Толағай-Талай" жыр жинағының авторы. Ержан бүгінде орыс әдебиеті мен шетел әдебиеті ақындарының поэзиясын қазақ тіліне аударып жүрген ақын. Қазіргі кезде Республикалық "Қазақ әдебиеті" газетінде "ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ. АЛПАУЫТ АҚЫНДАР" тұрақты айдарын жүргізеді.
Осы туралы Олжас Сүлейменов ағамыздың жазғаны бар: «Менің өлеңдерімді заманында Қадыр ақын қазақша қадірімен сөйлетті. Көңілден шықты. Бүгін Ержан Алаштуған деген жігіт келіпті. Қолында «Құман жыры», «Анама», «Кешігу» сынды он шақты өлеңім бар. Оқыдым, тұшындым. Рух, мазмұн, стиль, мінез сақталған. Бұл балалар маған немере болады. Немереме ақ жол!».
Сонымен қатар, Ержан Алаштуған кітапты оқып қана қоймай, оны жинаумен айналысады. Қазіргі күннің өзінің үйінде 124 мыңдай кітап қоры бар көрінеді. Өз сұхбатында ақын:
– «Қазір азайды… Отыз мыңнан астам кітапты мектептерге, басқа да қажетсінген оқу орындарына таратып бердік. Жалпы, кітапты бала күнімнен жинадым ғой. Бір жылдары кітапханалар жаппай жабылып жатқанда жетімсіреп қалған томдарға ие болғаным бар. Үш ай бұрын ертеректе дүниеден озған белгілі қаламгердің кітапханасын ұлы мен келіні қоқысқа тастағалы жатқан жерінен алып қалғанмын» деп жазады. Болашақта ақынның осы кітаптарды халық игіліне ұсынып, кітапхана ашпақ ойы бар.
Әлеуметтік желідегі және баспсөз беттеріндегі рухты өлеңдерін оқырмандары тамсана оқитын ақын Ержан Алаштуғанның шығармашылығына арналған тікелей эфирді мына сілтеме арқылы тамашалай аласыздар https://www.instagram.com/p/CJ-xhH3B9wr/ .
Байланысшы: Кемешева Меруерт
Байланыс тел.: 26-13-33 (123)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26324522
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы