14 наурыз - Көрісу күні
- Толығырақ
- Құрылды 14.03.2021 11:12
14 наурыз - Көрісу күні. Адамдар бұл күні арасындағы бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, араздықты ұмытып, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көктемге аман есен жеттік деп, дастархан жайып, үлкендерге сәлем беріп, құттықтап жатады. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды.
Көрісу күні - жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу деген мағынаны білдіреді. Көрісу күнін Наурыз мейрамының бастауы деп айтуға болады. Көрісу дәстүрінің тарихына үңілсек, ертеректе жапан далада қыс айларында мал баққан көпшенді халық бір-бірімен көрісе алмай, бір-бірін тек көктем келгенде Наурыз мейрамына қарай көре алған екен. Сол уақыттан бері көрісу дәстүр ретінде сақталып қалған.
Бұл күні барлығы бір-біріне сәлем беріп, қол алысқан. Ежелден келе жатқан дәстүрдің ерекшелігі де осында. Дәл осы күні бір-біріне ақ тілегін айтқан адамдар бұдан кейін арадағы реніштерін жойып, табысады.
Бұл күні түрлі тағамдар дайындалып, мол дастархан жайылған. Дастархан басында үйдің ақсақалы "Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болсын" деген сөздермен батасын берген.
Бұл күні кітапханада қазақ жастар театрының әртістері көктем мерекесінің ерекше әсемдігі мен наурыз дәстүрін музыкалық қойылым арқылы көрсетсе, кітапханамыздың оқырманы, Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Қыдырмолданов Есмұрат ағамыз Наурыз мейрамын тойлау туралы өзінің көзқарасымен бөлісіп, Қазақстандықтарға ақ батасын берді.
Құрметті өскемендіктер және қала қонақтары! Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтай отырып, кітапханамыздың қонағы болып, мерекеге арналған кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26323831
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы