«Қарт Ертістің тарихы»: жазушы Игорь Александрович Морозовпен онлайн кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 30.03.2021 11:16
2021 жыл 31 наурыз сағат 11.00-де А. С. Пушкин атындағы кітапхананың Facebook @pushkinlibrary.kz парақшасында жерлес жазушы Морозов Игорь Александровичпен тікелей эфир ұйымдастырылды. Кездесу Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер оқуына қолдау көрсету жылына арналған іс-шаралар аясында өтті.
Игорь Александрович Морозов жан-жақты және ерекше тұлға: яхташы, балықшы, темір өңдеуші, қару-жарақ жасаушы, «Игі істер мектебі» деп аталатын бейресми балалар бірлестігі спорт клубын ұйымдастырушы, калькуляторды жазушы қаламына ауыстырған экономист.
Игорь Александрович «Меченый» атты терең философиялық астарлы әңгіме кітабының авторы. Бұл астарлы мағынада жазылған «Балықшы мен балық туралы» әңгіме, бірақ мұнда қармаққа ілінген балық емес, керісінше балықшы. Балықшыдан кек алуға тырысып, оны өзенге батырған жергілікті су патшасының балығы - үлкен таймен. Әңгіме үш адамнан тұрады: автор, балықшы және балық. Ол табиғатты әдемі сипаттап, күтпеген салыстырулармен толықтырып, қарт Ертістің терең асуларын ертегіге арқау етеді.
Байланысшы: Мергембаева Динара,
тел.: 87051863586
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26054931
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы