homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ"Тұлға. Тағдыр. Тағылым" : Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

"Тұлға. Тағдыр. Тағылым" : Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

 
26-31 мамыр аралығында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «ТҰЛҒА.ТАҒДЫР.ТАҒЫЛЫМ: Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні» атты интерактивті әдебиеттер экспозициясы жұмыс істейді.  
Кітап көрмесінен орын алған түрлі басылымдар, зерттеу материалдары, құжаттар, көркем әдеби шығармалар  қазақ халқының тарихындағы ең қасіретті жылдар – XX ғасырдың 1921 және 1931-1933 жылдар аумағын қамтыған ашаршылық пен 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін кезеңін суреттеп, баяндайды. 
 Ашаршылық нәубетінің қайғылы себеп-салдары «1928-1934 қазақ ауылының қасіреті», Т. Омарбековтың «Голодомор в Казахстане: причины, масштабы и итоги (1930-1933гг.)» зерттеуі, «Ашаршылықтан қуылған» еңбегі мен Валерий Михайловтың «Ғаламат жұт шежіресі» деректі шығармасында толық суреттелсе, 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мұрағат қорының түпнұсқа құжаттық материалдары жинақталған, М.Қ. Қойгелдиевтің редакциясымен жарық көрген «Красный террор: Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін тарихынан» жинағында,  «Сталин: 1937-38 ату тізімі», «1937-1938 жылдардағы Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін», «1930-35 жылдардағы жер аудару тарихынан» еңбектерінде ұсынылған. 
Көрменің бір бөлімі өз елінің азат болашағы үшін күрес жолында жанын беріп, «Үлкен террордың» құрсауына ілініп «халық жауы», «ұлтшыл» атанған  Алашордашыларға арналады:  Қазақстанның ғылыми және әдеби қоғамдастығының пікірінше Алаш қозғалысы туралы үздік кітап деп танылған Тұрсын Жұртбайдың «Менің қасіретім, менің мақтанышым – Алаш!» трилогиясы, Алаш көсемі Әлихан Бөкейханұлының өмірі мен қызметін тұңғыш рет мұрағат құжаттары, фактілерге сүйене отырып қайта жаңғыртқан   Сұлтан Хан Аққұлының «Қазақ жерін жинаушы» екі томдық жинағы, Алашорда үкіметінің Шығыс бөлімі туралы бай мұрағаттық материалдар берілген «Шығыс Алаш орда» кітабы,  алғашқы «Қазақ елінің Уставын» жасаушы көрнекті қайраткер Барлыбек Сырттанұлының өмірі мен қызметіне арналған  «Барлыбек Сырттанұлы» және қызметімен халқы үшін ғылыми-мәдени құндылықтар мен тәуелсіздіктің рухани негізін ашып, мұра еткен әкелі-балалы Мұхамедхан Сейітқұлов пен Қайым Мұхамедхановқа  арналған кітаптар т.б. басылымдар. Әдебиеттер экспозициясынан орын алған Карлаг лагерінде айдауда болған саяси қуғын-сүргін құрбандары – қылқалам шеберлерінің туындылары топтастырылған «Карлагтың қара қарындашымен...» еңбегі де оқырманның ерекше қызығушылығын тудырары сөзсіз. 
Ашаршылық пен қуғын-сүргін жылдарының нағыз қасіретін нәубеттен аман қалған куәгерлердің естеліктерінен көруге болады. «Қайғылы тағдыр беттері» кітабында 1920-1950 жылдардағы КСРО-дағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының естеліктері берілсе, «Жоқтау» жинағында репрессияланған қазақстандықтардың балаларының естеліктері жинақталған. Ал тарихшы Марат Сембиннің «Сенің бауырың қайда?» еңбегінде сол кезеңдегі қазақ халқының өмірі туралы естеліктер топтастырылған.
Көрмеден қуғын-сүргін жылдарының Шығыс Қазақстан өлкесіне әсері жайлы да еңбектерді табуға болады. «1932-1933 жылдардағы қазақ халқының ұлы трагедиясы тарихынан» кітабында ұсынылған мұрағаттық құжаттарда Шығыс Қазақстан қазақтарының Қытайға көшуі егжей-тегжейлі суреттелсе, «Книга скорби» кітабында алғаш рет саяси қуғын-сүргін құрбаны болған Шығыс Қазақстан облысы азаматтарының тізімі жарияланған.
Баршаңызды тарихымыздың ақтаңдақ беттерінен сыр шертетін кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз!
 
Байланысшы: Ошан Маулипа
Тел.: 26 13 33

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26049254
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102