«Мұзтау – музам менің»: Назым Слямқызының жаңа кітабының тұсаукесері
- Толығырақ
- Құрылды 22.04.2022 14:28
26 сәуір сағ.15.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада, жазушы Абилханова Назила Слямқызының «Мұзтау – музам менің» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтеді.
Назыма Слямқызы - 1967 жылы 12 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы, Қабырға ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Е.П. Рыков атындағы орта мектепті бітірген. 1988 жылы Қыздар педагогикалық институтының кітапханатану бөлімін бітіріп, 1997 жылға дейін Алматы облысы, Панфилов ауданы, Үшарал орта мектебінде кітапханашы болып қызмет істеген. 2001 жылы Қыздар педагогикалық институтының филология бөлімін тәмамдаған.
1997 жылдан бері жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Назым Слямқызы жеке кәсіпкерлікпен ғана айналысып қоймай, кітап жазуды да қолға алған. «Қош бол, қиындық! Өз-өзін жеңу майданы», «Кәсіп жасаудың құпиясы», «Үй алудың жолдары» атты кітаптары жарыққа шыққан. Ал, «Бәрі де мүмкін...» - автордың тұңғыш кітабы. Бұл туындысы тылсым жұмбағы мен шешілуі қиын шиеленіскен қилы тағдыр түйіндеріне толы.
«Үй алудың жолдары» кітабында білім мен өмір сүрудің қарапайым қағидаларын байланыстыру арқылы арманды қалай мақсатқа айналдыруға болатындығы жазылған. Сондай-ақ, автор өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісе отырып, қандай қиындықтардан өткенін ашық айтады. Сол арқылы оқырманның сеніміне кіріп, мимен жұмыс істеудің қаншалықты маңызы барын жеткізеді.
Сонымен қатар, автордың «Ақша бұлтпен сырласу», «Тырналар әні» атты әндері елімізде болып жатқан індетке арналған.
Ал, тұсауы кесілмекші «Мұзтау – музам менің» кітабын оқи отырып, автормен бірге Мұзтау шыңына сапар шегесіз. Автордың өз кітабына Мұзтауды арқау етуі тегін емес. Мұзтау жай шың емес, ұлылардың рухы мекен еткен шың. Мұзтау дүниежүзіндегі ғарышпен байланысатын жеті нүктенің бірі.
Алматы қаласынан кітап тұсаукесеріне арнайы шақырылған Назила Слямқызы шығыстық жерлестерімен, әдебиетсүйер қауыммен жүздесіп, өз шығармашылығымен таныстырып, жаңа кітабы туралы сұрақтарға жауап бермекші. Келіңіздер, біз сіздерді күтеміз!
Байланыс тел.: 26-13-33 (119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26055979
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы