homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВГүлденіп, әуелеткен жарқын мамыр...
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Гүлденіп, әуелеткен жарқын мамыр...

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы мамыр мерекелеріне арналған мәдени іс-шаралар бағдарламасын ұсынады.

Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» атты әдеби көрме-эсседен этнография, фольклор, ұлттық тағамдар туралы әдебиеттер мен қазақстандық авторлардың шығармаларын тауып қана қоймай, әр этностың ұлттық киімінен сыр шертетін «Ұлттық киім – халық қазынасы» атты жарқын этнодефиледен түрлі ұлттардың тарихы, салт-дәстүріне арналған кітаптармен танысып, ұлттық билерін тамашалауға болады. Тарих, әдебиет, этнография, фольклор салалары бойынша этнографиялық тест-диктантқа қатысып, өз білімдерін тексере алады.
Отан қорғаушылар күніне орай кітапхана өз пайдаланушыларын «Жеңіс туы желбіресін мәңгілік» атты әдеби көрме-экспозициясымен қарсы алып, майдангер жазушы-мерейгерлер Әзілхан Нұршайықов, Әди Шәріпов, Қасым Қайсенов, Александр Егоров, Меңғали Мусин, Михаил Чистяков және т. б. арналған «1941-1945 жж. Соғысқа қатысқан шығысқазақстандық жазушылар» еске алу кешіне қатысуға шақырады.
Ал белгілі журналист, сөзжұмбақшы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Зайсан ауданының Құрметті азаматы Қалибек Алтыбаевтың «Бабадан қалған байтағым» атты 2 томдық кітабының тұсаукесерінде қатысушылар жаңа кітаппен танысып, Зайсан өңірінің көрнекті тұлғалары, белгілі өнер қайраткерлері, ауданның елді мекендерінің тарихы туралы бағалы мәліметтер ала алады.
Ұлан ауданы әртістерінің қатысуымен өтетін «Халқымның қаһарман қызымын» атты дәріс-концерті белгілі әнші Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналады. Әйгілі опера және эстрада әншісі, КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы «Жауынгерлік ерлігі үшін», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.
«Мәңгілік ел Алыптары» ерлік сабағында жас оқырмандар ұрпағына бейбіт өмір сыйлаған Ізғұтты Айтықов, Әди Шәріпов, Талғат Бигельдинов тәрізді батырлардың ерліктері туралы білетін болады.
Сондай-ақ, оқушыларды 3D моделдеу бойынша «Жауынгерлік техника тарихы» шеберлік-сағаттары мен бейне-сабақтар сериясына және «Жеңіс тарихынан» атты тарихи-танымдық квест ойынына қатысуға шақырамыз.
Ал 1 мамырда Сәулет-этнографиялық табиғи-ландшафт мұражай-қорығы этноауылына келушілерді Пушкин кітапханасы командасы интерактивті әдеби-танымдық бағдарламамен қарсы алады: түрлі байқаулар мен викториналар: «Мақал-мәтелді жалғастыр!», «Жаңылтпаштар сайысы», «Абай мен Пушкин шығармаларының білгірлері», «Кітап лотореясы», «Қоржын сұрақтары», «Кітап оқып, қойылым қоямыз», «Кітап оқып, мультфильм жасаймыз» интерактиві, сондай-ақ, шеберлік-сағаттарына қатысып, әдемі ашық хаттар дайындап жақындарын мерекемен құттықтау.
Пушкин кітапханасы барлық тілек білдірушілерді мамыр мерекелеріне арналған шараларға қатысуға шақырады!
Мерекелік іс-шаралар бағдарламасы:
3 мамыр, 15.00 – «Халқымның қаһарман қызымын»»: Роза Бағланованың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әндеріне арналған лекция-концерт;
4 мамыр, 15.00 – «1941-1945 жж. Соғысқа қатысқан шығысқазақстандық жазушылар»: еске алу кеші;
4-10 мамыр – «Жеңіс туы желбіресін мәңгілік»: әдеби көрме-экспозиция;
5 мамыр, 11.00 – «Мәңгілік ел алыптары: Ізғұтты Айтықов, Әди Шәріпов, Талғат Бигельдинов»: ерлік сабақтары;
5 мамыр, 15.00 – «Бабадан қалған байтағым»: Қалибек Алтыбаевтың 2 томдық кітабының тұсаукесері.

 

Байланыс тел: 26-13-33 (ішкі 119)

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26043695
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102