homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Домбыра – асыл мұра»: әдебиеттер көрмесі
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Домбыра – асыл мұра»: әдебиеттер көрмесі

«Екі шектің бірін қатты, бірін сәл-пәл жай бұра,
нағыз қазақ, қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!»
Қ. Мырзалиев

 Шілденің бірінші жексенбісінде Қазақстанда Ұлттық домбыра күні атап өтіледі. Осыған орай А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханада «Домбыра – асыл мұра» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Домбыра туралы айтқанда, ұлы музыкант-домбырашыларды айтпай кетуге болмайды. Қазақстан талантты күйшілер мен ақындардың мекені. Көрмеге аспаптың тарихы, түрлері, домбыраның пайда болуы туралы аңыз, домбыраны үйрену және Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Сүгір, Байжігіт, Қазанғап, Дина сынды өнер иелерінің күйлері жайлы кітаптар мен альбомдар қойылды.
Өткен ғасырдың 20-шы жылдары Шығыс Қазақстаннан шыққан музыкант тенордың жұлдызы Әміре Қашаубаев қазақ елін әлемге танытты. Зерттеуші, жазушы Ж. Шәкәрімов «Әміре Қашаубаев өнердегі өмір» және «Париждегі Әміре» кітаптарында әншінің өмір белестері туралы сыр шертеді. Жоғарыда айтылған халық авторларының музыкалық мұрасы бізге А. Затаевичтің арқасында келді. Ол 2000-нан астам қазақ әндері мен күйлерін жинап, жазып алған. «Қазақ халқының 1000 әні» жинағы қазақ музыкалық фольклорын одан әрі зерттеуге жол ашты.
Шығыс Қазақстан күйшілік, домбырашылық дәстүрі аймақтық жағынан кең ауқымды қамтиды. М. Әбуғазының «Шығыстың шыңырау күйлері» еңбегінде аңыз күйлер, авторлары ұмыт болған халық күйлері және Байжігіт, Қызылмойын Қуандық, Тәттімбет, Бейсенбі, Қайрақбай, Мүкей, Әшім сынды күйші-композиторлардың шығармашылығы енгізілген.
Этнограф, өнертанушы жерлесіміз З. Жәкішеваның «Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары» кітабынан сіз домбыраның түрлері, ежелгі атаулары жайында құнды мәліметтерді қарай аласыз. «Көне дүние күмбірі» атты жинағында Ж. Шәкәрім музыкатанушы, профессор Б. Сарыбаевтың ғылыми еңбектеріне талдау жасайды. Ол алғашқы халық аспаптар мұражайын ұйымдастырды, көптеген музыкалық аспаптарды, оның ішінде үш ішекті домбыраны қайта жаңғыртты. Сонымен қатар, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, айтыскер ақын С. Құсанбаевтың «Жырлаумен өткен 20 жыл», «Көкдауыл», «Дүбірге толы дүние» жинақтарында көлемді эпикалық шығармалар, өмірдің күрделі шындығы айтылған толғаулар, нақты тұлға жайлы көркем әңгімелер топтастырылған.
«Жолаушы» кітабы еліміздің ән-күй өнеріне өз үлесін қосқан, ұлттық саз аспаптарын жасаушы хас шебер, біздің қадірменді жерлесіміз Жолаушы Тұрдығұловтың шығармашылығына арналған. Жерлес композитор У. Жүнісовтың «Домбыра аспабында ойнау шеберлігін арттыруға арналған жаттығулар», «Ұланым» еңбектерінде домбыра аспабын жеңіл меңгеруге арналған жаттығулар, методикалар берілген.
Шығыс Қазақстаннан шыққан танымал әншілер, белгілі күйшілер, дарынды сазгерлер мен олардың шығармашылығы жайлы қызықты мәліметтерді Г. Даукенованың «Бастау бұлағым», К. Өлмесековтың «Сұраған жанға сәлем айт», М. Ешекеевтің «Сұржекей», Т. Рахимовтың «Нені аңсаймын», «Сағынбасқа не шара» еңбекерінен қарай аласыздар.
«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» демекші, домбыраның қазақ халқының тарихындағы алатын орны ерекше. Сіздерді домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Үйлеріңіздің төрінде домбыраның әсем әуені жиі естіліп тұрсын!

 

Dombyra 1 Dombyra 2 Dombyra 3 Dombyra 4 Dombyra 12
 Dombyra 5  Dombyra 6  Dombyra 9  Dombyra 8  Dombyra 10

 Байланыс тел.: 26-13-33 (119)

 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26137142
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102