Әскерилер қонақта
- Толығырақ
- Құрылды 30.03.2016 19:32
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімінің оқыту-әдістемелік жиынының мүшелері Павлодар, Семей, Шымкент офицерлері біздің кітапханаға келді. Қонақтар кітапхананың барлық орталықтарымен танысты.
Қонақтар шеберлер мектебінде портрет салып отырған жас суретшінің шығармашылық процесін таңданыспен бақылады. Суретшінің бұл өнерді бірнеше айдың ішінде үйренгені қайран қалдырды. Робототехника, модельдеу, компьютерлік-сауаттылық курстары ерекше қызығушылық туғызды.
Офицерлер еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Еркін елдің кемел тұлғалары» әдебиеттер көрмесімен танысты. Сондай-ақ, кітапхана сайтымен, электрондық каталог, виртуалды анықтама, құжаттардың электронды жеткізілімі сияқты т. б. қызмет түрлерімен танысты.
«Біздің Абай» электрондық кітапханасы, «Шығыс Қазақстан: танымал есімдер» дерекқоры да әскерилер тарапынан қызығушылық тудырып, олар өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды.
Серик Туребаев, майор, топтың жетекшісі:
Пушкин кітапханасы біздің қаламыздағы көрнекті орындарымыздың бірі болып табылады. Мен кітапхана жұмысы туралы өте жақсы пікірде болғанмын, ал бүгін кеңейтілген экскурсияның арқасында көп нәрсені көріп, білдім. Кітапхана қызметтеріне тәулік бойы қол жетімді.
Самат Жумабаев, капитан, Павлодар қаласы, 6679 әскери бөлімі
Кітапхана бөлімдеріне экскурсия өте ұнады. Инновациялық технологиялар, модельдеу және роботты техника үйірмелері ерекше әсер қалдырды. Бұл біздің балалар үшін үлкен мүмкіндік береді. Мұндай клубтар әрбір қалада ашылуы тиіс деп ойлаймын. Өйткені, бұның бәрі біздің жастарымыз үшін, ал, жастар біздің Қазақстанның болашығы.:
Алибек Салханов, 5511 әскери бөлімі, Семей қаласы
- Біз Өскеменге кәсіби деңгейімізді көтеріп, тәжірибе бөлісуге келдік. Кітапханаларыңыз туралы көп нәрсені білдік. Маған ұнағаны мұнда үлкеннен-кішіге дейін өзіне пайдалы іс табады. Кітапханашылар мен үйірме жетекшілерінің кәсіби деңгейі екені білініп тұр.
Біздің тарихымыз өз еңбектерімен көп нәрсеге қол жеткізген көрнекті тұлғаларға өте бай. Осындай тұлғаларымыз туралы әдебиеттер көрмесі өте керемет әсер қалдырды
Қонақтарымыз осылайша өздерінің алған әсерлерімен бөлісті.
Байланысшы: Жансая Ашкенова, тел. 261-333, ішкі. 119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26337882
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы