homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВХалық қасіреті және тарих тағылымы
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Халық қасіреті және тарих тағылымы

31 мамыр –саяси – қуғын –сүргін құрбандарын еске алу күні.
Халқымыздың тарихында ақтаңдақ беттер аз болмаған. Солардың ішіндегі ең үлкен зобалаң – қанды қол Голощекиннің Қазақстанда қолдан жасаған ашаршылығы мен 1937-38 жылдардағы, соңы соғыстан кейінгі жылдарға ұласқан сталиндік репрессия болатын. Әміршіл- әкімшіл жүйе қаншама жазықсыз жандарға жапа шектірді? Қаншама адам қудаланып, жер аударылды, атылып кетті?

Кітапхана ұйымдастырған «Халық қасіреті және тарих тағылымы» атты кітап көрмесі репрессия құрбандарына арналып, осы сұрақтарға жауап іздейді... Қызыл террордың астарлы саясатын ашып, ұлт ұлыларының өнегелі өмірінен сыр шертеді.
1929 жылы Коммунистік партияның Орталық Комитеті кеңейтілген мәжілісінде колхоздастыру науқанын жеделдету, халықты отырықшылыққа көшіру мәселесін қарады. Төрт түлік малмен жан сақтап отырған көшпелі халық ұжымдастыруға көне алмай, жан сауғалап шетелге қашты. Тігерге тұяқ қалмаған жұрт жаппай ашаршылыққа ұшырады. Ашаршылықтан қазақ даласында 1750 мыңнан астам адам қаза болған екен. Ұжымдастыру барысында жергілікті халықтың 45-49% опат болған.
1937-38 жылдардағы саяси қуғын кезінде ұлт зиялылары қудаланды. Қоғамның білімді, ойлы азаматтарын қудалаумен қатар ұлтымыздың дүниетанымына қастандық жасалды. А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Т. Рысқұлов, Н. Төреқұлов т.б. алаш арыстары жаппай атылды. Көптеген ұлт өкілдері күштеп жер аударылды.
1993 жыл, 14 сәуір Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы ҚР заңы қабылданды. 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып бекітілді. Бұл – жазықсыз жапа шегіп, еліміздің егемендігі жолында жанын құрбан еткен азаматтардың рухына тағзым, тарихымызға деген құрмет белгісі, олардың ерен ерлігіне бас июге бағыттайтын бастама еді. Жыл сайын осы игі бастама жалғасын табуда. Өткен тарихты саралай отырып, қателіктерге ұрынбай, мәңгілік ел идеясын жүзеге асыру – жас ұрпаққа аманат.

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26331848
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102