БҰҰДБ қорытындылары
10 желтоқсанда сағат 13.00-де кітапханада «Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобының әлеуметтік және экономикалық мүмкіндіктері: ШҚО тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтеді. Отырысқа мемлекеттік өкімет өкілдері, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) қызметкерлері және оның басқа облыстардағы серіктестері қатысады. Сондай-ақ, қатысушылар арасында Қызылорда, Маңғыстау өңірлерінен кәсіпкерлер Палатасының өкілдері де бар Толығырақ...
"Елін сүйген, елі сүйген Елбасы"
27-ші қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне байланыстыТұғыл онлайн орталығында
"Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" атты тақырыптық кеш өткізілді. Шарада "Ой бөлістім халқыммен" атты виртуалдық көрмеге шолу жасалды.Қатысушылар интернат желісі арқылы "Ақ тілекпен,Елбасыға!" атты акцияға қатысып, құттықтаулар жіберді.
Қашықтық Интернет Олимпиадалар
2015 жылдың қараша айының 26-да Ұлан ауданының онлайн - орталығында қолдауымен Райымжан Мәрсеков атындағы орта мектебінің
ұстаздары мен оқушылары қазақ тілі пәнінен Кио-Қазақстандық интернет олимпиадасына қатысты. Оқушылар олимпиадада өз білім деңгейлерін тексеріп, қиын да қызықты сұрақтарға жауап берді.
Елбасы-ұлт мақтанышы
25-қараша күні Теректі ауылдық онлайн орталығында «Елбасы-ұлт мақтанышы» атты библиографиялық –танымдық сағат өтті. Шараға мектеп оқушылары, ата-аналар , мұғалімдер қатысты.
Әлем деңгейіндегі тұлға
2015 жылдың 24-ші қарашасынан бастап Ұлан ауданының барлық кітапханаларында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Күніне арналған «Әлем деңгейіндегі тұлға» атты кітап-иллюстрациялық көрмесі ашылды және «Ой бөлістім халқыммен...» атты виртуалдық көрмеге саяхат жасалып «Менің Президентім» атты видео көрсетіледі.
Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан
23 қараша күні Ұлт Көшбасшысын ұлықтайтын айтулы мерекенің қарсаңында Үржар аудандық кітапханасының Онлайн орталығында мектептердің 9-10 сынып оқушыларымен «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» атты видео сабақ өтті.
Тағы мақалалар...
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26333639
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |

























































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы