«Үш тілде білім беру қажеттілігі» атты дебат өтті
Ағымдағы жылдың 22 қыркүйек күні Қазақстан халықтарының тілдері күніне байланысты Ақсуат онлайн орталығында балалармен жұмыс бөлімінде оқушылардың үштілділік оқыту бағдарламасына оқушылардың көзқарастарын анықтап, олардың ойын білу, оқушыларды шешендікке баулу мақсатында «Үш тілде білім беру қажеттілігі» атты дебат сайысы өткізілді. Дебатқа К.Нұрбаев атындағы орта мектеп пен № 2 Ақсуат орта мектебінің 10 сынып оқушылары қатысып, жүлделі орынды К.Нұрбаев атындағы мектептің «Ақиқат» тобы жеңімпаз атанды. Оқушылардың назарына тілдерді үйренуге байланысты интернет желіден ақпараттар ұсынылды. Мысалы оқушылардың қызығушылығын арттырған https://www.duolingo.com сайт болды. Бұл әлемдегі тіл үйренудегі ең таңдаулы платформаларының бірі болып саналады
Аймақтық семинар Күршімде өтті
2015 жылғы маусымның 24-25-де Күршім ауылында облыстық кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен Ұлт жоспары - мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамын» зерделеу және талқылау мақсатында «100 нақты қадам - Ұлт жоспарын жүзеге асыру жолында» тақырыбында аймақтық семинар өтті.
Толығырақ...«100 нақты қадам - Ұлт жоспарын жүзеге асыру жолында»
2015 жылғы маусымның 12-де Бесқарағай ауылында облыстық кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен Ұлт жоспары - мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамын» зерделеу және талқылау мақсатында «100 нақты қадам - Ұлт жоспарын жүзеге асыру жолында» тақырыбында аймақтық семинар өтті.
«Бизнес-кеңесші және онлайн-орталық: жаңа ынтымақтастық»
18 және 19 мамыр күндері Өскемен қаласында ШҚО онлайн-орталықтар қызметкерлері, ШҚО кәсіпкерлер Палатасының бизнес-кеңесшілері, сонымен қатар ШҚ облысындағы БҰҰ Бірлескен бағдарламасының жергілікті кеңесшілеріне арналған «Бизнес-кеңесші және онлайн-орталық: Жаңа ынтымақтастық» атты семинар-тренинг өтті.
Толығырақ...Ғажайып алаң өткізілді
2015 жылғы мамырдың 15 күні Тілдерді оқыту орталығы мен аудандық кітапхана қызметкерлері ардагерлер үйінің мүшелерімен және «Асыл әжелер» тобымен «Ғажайып алаң» ойынын өткізді. Ғажайып алаңға 9 ойыншы және көрермендер қатысты. Ойын 3 турдан құралып, әр турға 3 ойыншы жеребе арқылы бөлінді. Ойыншылардың мақсаты: жасырылған сұрақтың жауабын (әріптеп немесе бірден сөзді) тауып, финалға жету болды.
Толығырақ...«Естелік. Кітап. Ұрпақ»
Ұлы Жеңістің 70 - жылдығы қарсаңында, шығыс қазақстандық жауынгерлерге құрмет, балаларға халық ерлігінің ұлылығын көрсету, патриоттық тәрбие бойынша балалардың күш салуын біріктіру мақсатымен акция өткізілді.
Толығырақ...Тағы мақалалар...
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26336497
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |

























































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы