homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Бизнес-кеңесші және онлайн-орталық: жаңа ынтымақтастық»

18 және 19 мамыр күндері Өскемен қаласында ШҚО онлайн-орталықтар қызметкерлері, ШҚО кәсіпкерлер Палатасының бизнес-кеңесшілері, сонымен қатар ШҚ облысындағы БҰҰ Бірлескен бағдарламасының жергілікті кеңесшілеріне арналған «Бизнес-кеңесші және онлайн-орталық: Жаңа ынтымақтастық» атты семинар-тренинг өтті.

Екі күндік семинарға Өскемен қаласындағы әсем жерлердің бірі – DEDEMAN қонақ үйіне Шығыс Қазақстанның барлық аймақтарынан жүзден аса қатысушы жиналды. Бағдарлама өте мазмұнды болып, презентация, пікірсайыс, ой талқы, топпен жұмыс түрлерін қамтыды. Семей қаласы қоғамдастығының төрайымы Ж.Ж. Жибраеваның дағдарысқа қарсы «Нұрлы жол» бағдарламасы жөнінде жасаған баяндамасын ерекше атап өткен жөн. Мемлекеттік бағдарламалар жайында осындай қарапайым, әрі түсінікті ұсынылған материалдар жиі кездесе бермейді.
БҰҰ Бірлескен бағдарламасының қоғаммен байланыс жөніндегі маманы М. Бейсенованың әлеуметтік желілерге арналған сессиясының маңызы зор болды. Сессия материалы тұрғындар арасында онлайн-орталықтар қызметін таратуда әлеуметтік желілер мүмкіндігінің кеңдігін тағы да көрсетіп берді.
Биылғы жылы онлайн орталықтардың дамуы жаңа деңгейден көрінеді деп күтілуде. Бұл кәсіпкерлер Палатасы кеңесшілерімен орнаған ынтымақтастыққа байланысты. Бизнес- кеңесшілер ауылдық жерлердегі жұмыссыздар, ықтимал және әрекеттегі кәсіпкерлерге арналған өз мүмкіндіктері жайлы әңгімеледі.
Тыңдармандар жергілікті өзін-өзі басқару және оралмандармен жұмыс мәселесіне қатысты кеңесшілердің қызметі жайында көп мағлұмат алды. Ол – азаматтық алуға көмектесу, кедендік мәселелерді шешуге жәрдемдесу, шағын және орта бизнеске бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға қатысу т.б.
Қатысушыларға да, ұйымдастырушыларға да ынтымақтастығы және қатысқаны үшін алғыс білдіреміз! Бұл кездесу ауылдық онлайн-орталықтардың жаңа серпінмен дамуына әсер етеді деп үміттенеміз.


Толық ақпарат семинар материалдарында.

   

 

Шағиева Бибігүл Жамбылқызы
А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана директорының орынбасары.

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26336581
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102