homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Діни келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі»

zharma162015 жылдың 16 қазан  күні «Жарма ауданының Жастар үйі» КМҚК-нің және Жарма ауданының орталық кітапхана ұжымының  ұйымдастыруымен Рухани келісім күніне орай «Діни келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» атты  поэзия кеші өтті.  Шараға Тойғылды Әбдусамат ауданымыздың найб имамы, Аудандық өнер мектебінің ақындар сыныбының ұстазы Рахметова Жұмабақыт Толышқызы, Аудандық ішкі саясат бөлімінің дін мәселелері бойынша әдіскері Камешев Мейрамбек Төлеуұлы қатысып, жастарға рухани құндылық туралы баяндады.
Осы атаулы күнге орай, Георгиевка орта мектебінің оқушылары, жас ақындарымыз Рысбаева Жансая, Ақжарқын Таурбек, Томирис Таурбек, Гүлзат Хасенова өз жүректен шыққан туындыларын ортаға салды.

Литературно-музыкальный вечер

shemonaiha 280828 сентября в онлайн центре  города Шемонаихи, был проведен литературно-музыкальный вечер, посвященный  акции «Одна страна одна книга» «Кочевники» Ильяса Есенберлина,эта акция совпала с юбилеем писателя – столетием. Познавательный рассказ  библиотекаря сопровождался показом слайд – презентации, в которую кроме материалов о трилогии были включены фрагменты документального фильма о творце истории И.Есенберлине и трейлер о фильме «Кочевник». Песни  вокальной группы казахского общества «Қазақ тілі»  «Асыл әжелер», кюй «Салтанат» раскрыли широту души казахской  степи. Обзор виртаульной  и книжной выставки « Моя душа с душой народа слита», познакомил пользователей с другими не менее известными  произведениями  писателя . Отличные знания ребята показали в викторине «Колесо истории», победителям вручены  призы. Закончилось мероприятие экскурсией  по библиотеке и фотографией на память.

Әдеби-музыкалық кеш

shemonaiha 280828-ші қыркүйекте Шемонаиха қаласының онлайн орталығында Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» «Бір кітап- бір ел» акциясына арналған әдеби-музыкалық кеш өткізілді, бұл акция жазушының жүзжылдық мерейтойына тұспа-тұс келді. Кітапханашының танымдылық әңгімесі барысында трилогия туралы материалдардан  басқа да тарих жаратушысы І.Есенберлин туралы деректі фильмінен үзінді және «Көшпенділер» фильмі туралы трейлер қосылған  слайд-тұсаукесер көрсетілді. «Қазақ тілі» қазақ қоғамдастығының «Асыл әжелер» вокалдық тобының орындауындағы әндер, «Салтанат» күйі кеңбайтақ қазақ даласын ашып көрсетті. "Көшпенділер" Ілияс Есенберлин виртуалды  және дәстүрлі «Менің жаным халық жанымен ұштасқан» кітап көрмесіне шолу келушілерді жазушының басқа да танымал туындыларымен таныстырды. Балалар «Тарих шеңбері» викторинасында жақсы білімдерін көрсетіп, сыйлықтар алды. Іс-шара кітапханаға экскурсия жасаумен және естелік фотосуретімен аяқталды.
 

Республикалық «Ұлы дала елі» тарихи мәдени экспедициясы-Аягөзде

ayagoz sent1125 қыркүйек күні Аягөз қаласына Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы Дала Елі» атты республикалық тарихи-мәдени экспедициясы келді. Экспедицияның мақсаты: Қазақстан халқының тарихи-мәдени және рухани мұрасын оқып үйрену мен  насихаттау негізінде ұлттар бірлігін және азаматтық бірегейлікті нығайту және сақтау. Бұл Қазақ хандығының  550 жылдығы арналған экспедиция болғандықтан, барлық Аягөздіктер үшін шын мәнінде маңызды оқиға болды. Экспедиция мүшелері өңір халқымен «100 нақты қадам», Ұлт жоспарының «Біртектілік және бірлік» бағыты бойынша «Мәңгілік ел мұраты - ел бірлігі» тақырыбында Аягөз ауданының тұрғындарымен кездесуден басталды. «Теңдессіз сый» акция бойынша аудандық орталық кітапханаға кітаптар сыйға тартты.Аудандық «Қозы-Корпеш-Баян сұлу» мәдениет үйінің фоесінде Аягөз аудандық орталықтандырылған кітапхана қызметкерлері осы жылдың атаулы ірі іс-шараларына байланысты ашық көрме  ұйымдастырды. Атап айтқанда «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» (http://assembly.kz ), «Ұлы Жеңіске 70 жыл», «Конституцияға 20 жыл», «Ұлы Абайға 170 жыл» «Біздің Абай» электронды каталогы , «Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл», «І.Есенберлинге 100 жыл» (виртуалды көрме), «Менің елім – Мәңгілік ел» «Туған жер төрінде», «Е.Бекмахановке 100 жыл» атты  кітап көрмелері және аталған тақырыптарға байланысты Интернет ресурстар көрсетілді.Қалалық өнер мектебі мен  №1 орта мектеп  оқушылары мен кітапхана оқырмандарының қолөнер бұйымдары қойылып, экспедициясы мүшелерін жағымды таңқалдырды.
 

«Сенің алғашқы кітапханаң» атты саяхат

tarbagatay125-ші қыркүйекте Ақсуат ауылының онлайн орталығында балалармен жұмыс бөлімінде кітапханаға оқырман тарту, кітапты сүйіп оқуға тәрбиелеу мақсатында №2 орта  мектебінің үш даярлық сыныбы оқушылары саяхатқа келіп, қазақтың электронды  киіз үйінен ертегілер тындап, интернет желісінен мультфильмдер (http://onlinemultfilmy.ru ) көрді.

Интеллектаулдық сайыс

ulanka yazyk 121 қыркүйекте Ұлан аудандық онлайн орталығының ұйымдастыруымен 22 қыркүйек – Қазақстан ulanka yazyk 3Республикасының  халықтары  тілдерінің күніне арналған «Тілге құрмет – елге құрмет» атты интеллектуалдық сайыс өтті.Сайыс Р. Мәрсеков атындағы орта мектебінің 5 - 6 сынып оқушылары дайындаған әдеби - монтажбен басталды. Интеллектуалдық сайыста 5, 6, 10 сынып оқушылары екі топқа бөлініп 5 түрлі тапсырманы орындап, өз білімдерін сынады.Интеллектуалдық сайыстың мақсаты - ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру және қазақ халқынан мұра болып қалған ауыз әдебиетінің алтын маржандары – мақал – мәтелдер, жұмбақтар және шешендік өнерді насихаттау болып табылды.Қатысушылар назарына «Тіл ұлттың жаны, халықтың үні»атты кітап көрмесі бойынша әдеби шолу, сұрақ - жауап сайыстары өткізіліп, Интернет жеісінен ақпараттар ұсынылды (Қазақ тілін үйренеміз-http://kazcenter.kz,өйле" онлайн курс -http://soyle.kz, Казтест -http://kazakhtest.kz, «Дуолинго» тілдерді үйрену-https://www.duolingo.com.). Іс - шараның танымдық, тәрбиелік мәні өте зор болды. Оқушылар білімдері мен ұлттық танымдарын өз деңгейінде көрсете білді.

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26333639
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102