Арманнан туған рәміздер
28 қарашада Зайсан аудандық кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына «25 жұлдызды күннің» 2 күні –Рәміздерге арналған «Арманнан туған рәміздер» атты ауызша журнал М.Әуезов мектебінің 1 сынып оқушыларымен өтті.
Кітапханашы Ш.Далабаева оқушыларды ауызша журналдың беттерімен таныстырды. Бірінші бет «Ежелгі қазақ таңба-белгілері» деп аталып, оқушыларды ежелгі таңба-белгілермен, тудың шығу тарихымен таныстырса, «Жаса мәңгі өз көгімде көк туым», «Елтаңбам менің –елдігім», «Әнұраным-жан ұраным» атты беттерінде жас жеткіншектеріміз
тәуелсіз еліміздің нышандарына жеке-жеке тереңірек саяхат жасады. Шара барысында «ҚР Мемлекеттік рәміздері» атты слайд әзірленіп, «Жаңа
Қазақстанның рәміздері» атты деректі фильм көрсетілді. Сондай-ақ Күршім ауданы Теректі ауылдық кітапхана қызметкерлері онлайн режимінде жеткіншектерді Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтады. 1сынып оқушысы Жанат Арын Б. Бәмішұлының «Ту» өлеңін нақышына келтіре оқып берсе, Өскемендегі Қазақстан-Американдық еркін университетінің колледж студенті Құндыз Оразақын Асқардың «Рәміздер», «Елтаңба» И. Сапарбайдың «Менің Әнұраным» өлеңдерімен әрлеп отырды. Соңында сынып жетекшісі Гүлжан Артықбаева оқушылардың кітапханаға саяхат жасап сонымен қатар рәміздеріміз жайлы мол мағлұмат алғандарына үлкен рахметін айтты. Шара «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқталды.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26323025
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |

























































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы