Желтоқсан жаңғырығы
Шараға Ленин орта мектебінің 8 сынып оқушылары, кітапхана оқырмандары шақырылды. Отырыс мәдениет үйінің әншісі Орынбаева Алманың «Желтоқсан желі» атты әнімен ашылды. Бұл шараға сол оқиғаға куәгер болған өзіміздің жерлестеріміз Тайсарина Күлән, Раймбекова Жайнагүл, Раймбеков Қайнар, Рақымжанов Ерлан, Нурмолдина Айнур (Алтай Болысовтың жары) шақырылды. Олар сол оқиға жайында балаларға әңгімелеп берді. Оқушылар өздерінің сұрақтарын қойды. Мереке қонақтары Анар Мергазина, Майра Есенбаева ойларымен бөлісті. Жиналғандар назарына осы тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу өткізілді, сонымен қатар деректі фильм және «Тәуелсіздік жемісі» атты слайд жиналғандар назарына ұсынылды. Балалар « Атамекен» әнін қосылып шырқады. Кеш қонақтарына естелік сыйлақтар ұсынылып, дастархан жайылды.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26338862
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |

























































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы