homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Таудан аққан тас бұлақ»

zaisan 20160416Зайсан  аудандық  кітапханасы  15-ші  сәуірде   аудандық   ардагерлердің    «Мұрагер»   үйінде   «Таудан  аққан    тас  бұлақ»  атты  кітаптың zaisan 20160418 тұсаукесерін  өткізді.  
Тарихи Отанын, елін аңсап келген  ағайындарымыз  тәуелсіздіктің 25 –жылдық мерекесіне Алтайдың  асқар шыңы мен Ана  дария Ертістің  мөлдір моншақтарындай  сырлы ,әрі  жалынды жырларымен  оқырман  жүрегіне  жол тапқан  бір шоғыр ақындардың   «Таудан аққан тас бұлақ » атты жыр жинағын  тарту етіп отыр.                       
Ғасырлар бойы Тәуелсіздікті армандап, өз жандарын аямаған ерлеріміздің арқасында егеменді Қазақстан атанған осынау қасиетті мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеру мақтанышына ие.Елге ел  қосылса – құт дейді ғой халқымыз.Тәуелсіздіктің туы қолына тиісімен қилы заманда дүние жүзіне тарыдай шашырап кеткен отандастарымызды атажұртқа оралып көк байрағымыздың астына жиналуға шақырған Елбасымыздың көрегендігі .Осы  кешке   ішкі  саясат   бөлімінің  меңгерушісі   З. Дүйсенбайқызы ,  Зайсан  ауданының  Құрметті  азаматы ,  жергілікті   абайтанушы , сөзжұмбақ  майталманы,   жинаққа  алғысөз  жазған  Қ. Алтыбаев, аудандық  ардагерлер  кеңесі  мүшелері,  ақындар  мектебінің  жас  ақындары  жәнеде    2002 жылы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының  жыр  мүшәйрасында   бас жүлдені жеңіп алған,бірнеше  кітаптың авторы    Қытайда   тұратын    Әзия Мағыпер, осы кітаптың шығуына ұйтқы болып, атсалысып жүрген Толқын Мұратбай   бастаған   бір  топ  ақындар  қатысты. Кеш  «Атамекен- арқауым» , «Елдігім менің ерлігім» атты жыр жинақтарының авторы , кітапхананың тұрақты оқырманы Бекбақыт Мұхамадиұлының 
Сауыр – Сайқан жыр әнім,                                                  
  Самғайды көкте қыраның.                                                    
Кеудесіне Зайсанның ,                                                          
  Тағайын жырдың тұмарын - өлең жолдарымен ашылды.
Кеш барысында  Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Б.Жапаров , аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Б.Қашағанова, ардагерлер О.Қабанбаев, Т.Мырзаханов  ақындарға шығармашылық табыс тілеп, жылы лебіздерін білдірді.Ақындар мектебінің жас ақындары Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған жырларын тарту етті.Жаңа кітаптың лентасы қиылып, шашу шашылды. Аудандық кітапхана директоры Р.Самарханова  «Таудан аққан тас бұлақ» дарияға ұлассын деп өз тілегін білдірді.Ақындарды аудан әкімінің алғыс хатымен ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі З.Дүйсенбаева марапаттады. Кеш зейнеткер С.Салиевтың орындауындағы «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқталды.

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26331670
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102