Ол күндердің өшпес даңқы
...Сарғайса да тарихтың ақ парағы,
Ол күндер мәңгі есте сақталады!
Башабаева Бағила апа-Тыл ардагері, жолдасы-Башабаев Сіләм- Ұлы Отан Соғысының ардагері.Бүгінгі таңда Бағила апа көптеген марапаттарға ие,3 бала тәрбиелеген, немере, шөбере сүйіп отырған ардақты әже.Кездесу кешіне №1 Теректі орта мектебінің 7 сынып оқушылары, жетекшісі- Жумекенова А.М. қатысты.Кездесу кешінде «Бәрі де майдан үшін,бәрі де Жеңіс үшін»атты кітап көрмесі үйымдастырылды, «Марқакөлден аттанған соғыс ардагерлері» атты слайд, «Мәншүк туралы дастан», "Қазақстандықтар Ұлы Отан Соғысында" атты бейнероликтер көрсетілді.
Жасөспірім жеткіншектер өз кезектерінде қонақ апаға өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, қанағаттанарлық жауап алды. Апаның айтуынша өзі «оқыған бастауыш сынып мектебі кітапханаға көрші ағаш үй» екендігін айтқанда қаншама уақыт сақталған мекемеге оқушылар таң қалды.Шара соңында кітапхана қізметкерлері Бағила апаға сый-құрмет көрсетті,оқушылар ардагер апамен ескерткішке суретке түсті.Сұрапыл соғысты көріп күйзелмеген,аштық қиындығын көрген,түңілмеген,жасты көрсе жадыраған,еліне бақ-дәулет тілеуден жаңылмаған,өмірі өрнек,әңгімесі тарих-осындай қарияларға шын жүректен амандық тілейміз.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26332832
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |

























































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы