Сібір балалар кітапханаларының фестивалі
26-28 қыркүйек аралығында А.М. Горький атындағы Новосибирск облыстық балалар кітапханасында «Балалар кітапханасының ақпараттық және білім беру ортасы» деген атпен Сібір балалар кітапханаларының фестивалі өтті. Іс-шараның мақсаты - аймақтағы балалар кітапханашыларының кәсіби қарым-қатынас ауқымын кеңейту, жетістіктерін көрсету, инновациялық идеялар алмасу болып табылады.
Толығырақ...«Spelling Bee» клубына келіңіздер!
Ағылшын тілі орфографиясынан қиындықтар бар ма? Кітапхананың Америка бұрышында ашылған «Spelling Bee» клубына келіңіз. Біз сіздерді ағылшын орфографиясының қиындықтарын жеңіп, сөздік қорларыңызды кеңейтуге шақырамыз. Ең бастысы клуб тілек білдірушілерді орфографиялық конкурсқа қатысу үшін дайындайды.
Толығырақ...Кітапханада бас қосамыз
Қаламыздағы ШҚМУ, ШҚТМУ, ҚАЕУ сияқты оқу орындарының белсенді сьуденттері бүгінгі кешті кітапхананың Жастар интеллект-орталығында өткізді. Шығыс-Қазақстан дебатшылар ұйымының лидерлері бірінші курс студенттерімен кітапханада бас қосуды жоспарлағаны кездейсоқ емес.
Толығырақ...Қазан айындағы қос мереке
Қазан айының алғашқы аптасы тоғысқан қос мереке: қарттар күні және ұстаздар мерекесімен басталатыны баршамызға мәлім. Осы мерекелерге орай бүгін бізде №35 мектептің ұстаздары мен ата-аналары, ата-әжелері және оқушылары қонақта болды. Алғашқы кездесуді кітапханамен таныстыру мақсатында экскурсиядан және оқушылардың кітапханаға жас оқырман болып жазылуынан бастадық.
Толығырақ...Әлеуметтік қызметкерлер қонақта
Бүгін біздің кітапханада әлеуметтік қызметкерлерді даярлау орталығында біліктіліктерін көтеріп жатқан мамандарға семинар-трениг өткізілді.
Саяхат барысында қонақтар кітапханамызбен танысып, барлығы кітапхана оқырмандары болып тіркелді. Олар кітапханадағы «Заң» деректер базасынан өз қызметтеріне қатысты заңдарды тасымалдау құрылғысына жүктеп алды. Кітапхана сайтымен (www.pushkinlibrary.kz) танысып, қашықтықтан біздің кітапхана қызметтерін қалай пайдалана алатындықтарын білді.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26615146
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы