«Салт-дәстүр – Сан ғасырға саф мұра»: онлайн сұхбат
17 наурыз күні сағ. 11.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен Zoom-платформасында «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы, тарихшы, Қазақстанның Мәдениет қайраткері Бекен Қайратұлымен «Салт-дәстүр – сан ғасырлық саф мұра» тақырыбында тікелей эфирде сұхбат өтті.
Толығырақ...Көрісу күні Наурыз мейрамының бастауы
14 наурыз - Көрісу күні. Көрісу күні жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу деген мағынаны білдіреді. Адамдар бұл күні арасындағы бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, араздықты ұмытып, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көктемге аман есен жеттік деп, дастархан жайып, үлкендерге сәлем беріп, құттықтап жатады. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды.
Толығырақ...Наурыз – жаңару, жаңғыру мерекесі!
22 наурыз күні біз ертеден келе жатқан ұлық мереке – Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын атап өтеміз. Наурыз тек күн мен түн теңеліп, тіршілік атаулыға жан бітетін мейрам ғана емес, бұл – бірлік пен еңбектің, мейірім мен ізгіліктің, достық пен татулықтың мерекесі. Көктем мерекесін атап өту айдың ортасынан бастау алады, біздің кітапхана да осы дәстүрді ұстанып, 14 наурыздан бастап оқырмандарын «Наурыз тойы – мереке, салт-дәстүрім – береке» интерактивті әдебиеттер экспозициясымен қарсы алады.
Толығырақ...«Мұхтар Әуезов әлемі» онлайн форсайт-форум
Әр ұлттың маңдайына біткен ұлы тұлғалары болады. Олар қанша ғасыр өтсе де сол ұлттың мөрі тәрізді санаға соғылып, адамзаттың ортақ құн¬ды¬лығына айналады. Ағылшындар үшін – Шекспир, француздар үшін – Бальзак, орыстар үшін – Пушкин, өзбектер үшін – Науаи, әзербайжандар үшін – Низами болса, қазақтар үшін, әрине – Абай. Сол Абайдың ұлылығы мен данагөйлігін дүниеге паш етіп, әлемді қазақ әдебиетінің тұнығымен таныстырған – ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов. Жазушының биылғы 125 жылдық мерейтойы аясында А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен 11 наурыз күні Zoom-платформасында «Мұхтар Әуезов әлемі» атты онлайн форсайт-форумы өтті.
Толығырақ...Ардақты арулар!
Сіздерді шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі - 8 наурыз - алықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке-бірлік,мол табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілейміз!
5 наурыз - кітапхана 17:00-ге дейін жұмыс істейді
6, 7, 8 наурыз - мерекелік, демалыс күндері кітапхана жұмыс істемейді
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26601202
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы