Uni Қасыма Қайсенов кентінде
21 қазанда Uni мобильді оқу залы Қ. Қайсенов кентіндегі жалпы білім беретін орта мектепте болып қайтты. Кітапхана мамандары мұғалімдер мен оқушыларға қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі танымдық әдебиеттерді, «Lego Education» сериясынан басылымдарды, педагогикалық кітаптарды ұсынды.
Толығырақ...Кітапхана Отбасылық Пикникте
Қаламызда бүгінгі сенбі ерекше өтуде. Резиденция Аралында қалалықтарға алғаш рет «Отбасылық Пикник» ұйымдастырылды. Ертіс өзенінің бойында ашық аспан астындағы табиғат аясындағы шатырда қаладағы басқа да ұжымдармен бірге біздің мобильді кітапхана орын алды. Қуыршақтар, аниматорлар, трансформаторлар, сабын көпіршіктері және басқа ғажайыптар мерекеге ерекше көңіл күй сыйлады.
Толығырақ...Дина Мұхамедхан: «Менің әкем Қайым Мұхамедхан – Патриот және Азамат»
27 қазан 2016 ж. сағ. 15.00-де кітапханада абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедхановтың қызы Дина Мұхамедханмен кездесу өткізіледі. Жазушының 100 жылдық мерейтойына орай өткізілген жүздесуде Дина Мұхамедхан әкесінің мол адами қасиеттері, әдебиеттегі ерен ерлігі жайында әңгімелейді.
Толығырақ...«Азаттығым ақ таңым, ардагерлерім мақтаным»: оқушылар айтысы
Қазақ халқының қанына сіңіп, өмірімен біте қайнасып, ғасырдан – ғасырға жалғасып, ұрпаққа мұра болып келе жатқан қасиетті өнер - суырып салма айтыс өнері. Осы өнерді дәріптеп, насихаттау мақсатында А.С. Пушкин атындағы кітапхана «Ертіс концерт» КМҚК мекемесімен бірлесе отырып «Тастүлек» ақындар мектебін ашты.
2017 жылы 5 мамыр күні сағат 15.00-де аталған ақындар мектебінің алғашқы «Азаттығым ақ таңым, ардагерлерім мақтаным» атты кеші өтті. Кештің мақсаты – арпалыспен келген азаттығымыз бен талпыныспен келген тәуелсіздігімізді бағалап, ұлы отан соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету, Алаш арыстарын ұлықтау болатын.
Наши экскурсии
Каждую последнюю пятницу месяца в библиотеке проводится санитарный день. Это значит, что библиотекари наводят порядок в своих кабинетах, читальном зале, закрывается дверь для посещений читателей. Каждая книжка проверяется, очищается от пыли и занимает свое место на полке, проверяется работа оборудования и компьютеров. Но, даже в такие дни библиотека не отказывает своим посетителям в проведении экскурсий, ознакомлении с фондами и услугами библиотеки. Сегодня, 25 мая, библиотекари провели экскурсии - ознакомление с ресурсами для двух коллективов.
Толығырақ...Ата Заңымыздың тарихын білеміз бе?
Кітапхананың оқу залы күнделікті жаңа басылымдармен толықтырылып отырады. Оларды оқырмандарымыз біліп жүрсін, оқысын деген мақсатпен кітап көрмелері ұйымдастырылады. Көрме маңында кітапхана мамандары жаңа басылымдарға шолу жасап, әңгімелер жүргізіп отырады.
Толығырақ...Тағы мақалалар...
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26354314
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы