Жылжымалы кітапхана
«Жылжымалы кітапхана» үрдісі өз жалғасын табуда. Тамыз айында біздің кітапхана «Алтай» қайырымдылық қоры ұйымдастырып отырған ұл балалар тәрбиеленетін пансионатқа 150 данадан аса кітаптарды апарған еді. Бүгін осы пансионатқа тағы 87 дана кітапты апарып, пансионатта тәрбиеленуші балалармен кітапханашы Жахып Нұрсәуле алдыңғы оқыған кітаптары жайлы әңгіме өткізді. Бізді бір қуантқаны пансионат ішінде бір бөлмені кітапханаға арнағандығы, осы кітапхананың төрінен біздің кітаптардың орын алғандығы.
Толығырақ...Ұрпақ сабақтастығы
3 мамыр сағ.10.00-де А. С. Пушкин атындағы кітапханада Жеңіс туын желбіреткен батырларымызға арналған Патриоттық сабақ өтеді. Отан Қорғаушылар және Жеңіс күні қарсаңында соғыс және еңбек ардагерлері туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктерін, Отан үшін отқа түсу – парызың және өлке жетістіктері, мәдениеті жайлы әңгімелейді.
Толығырақ...Рухани жаңғыру: Шет тілінен енген сөздерді жаңа әліпбиде таңбалаудың проблемалары
Кітапхана Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру бағытытында жұмысын жалғастыруда.
16 мамырда, сағат 15.00-де кітапхананың жаңа әліпбиді оқып-үйрену Орталығында «Шет тілінен енген сөздерді жаңа әліпбиде таңбалаудың проблемалары» екінші онлайн бейне-сабағы өтеді. Сондай-ақ, Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғылыми жұмыс жөніндегі директорының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты Фазылжанова Анар Мұратқызы онлайн байланысқа шығады.
Кітапханамен танысу
Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да жүзеге асырылады. Баланың өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол тек демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан - жақты болуына арналады. Дұрыс тиімді ұйымдастырылған бос уақыт - олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз етеді. Осындай мақсатпен 21 қазан күні кітапханамызға қаламыздағы Ахмет Байтұрсынов атындағы № 20 мектептің оқушылары келіп кітапханамен танысып қайтты. Қонақтар кітапхананың барлық залдарымен танысты.
Толығырақ...ПАРТИЗАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ
Партизан қозғалысы Ұлы Отан соғысы тарихында маңызды орын алады. Биылғы жылы 1942 ж. құрылған Партизан қозғалысының Орталық штабына 75 жыл толады. 3 мамыр сағ. 15.00-де А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Партизан соғысының батырлары» әдеби көрмесінің тұсаукесері өтеді.
Толығырақ...Халықаралық конференция "XXI ғасыр кітапханалары: Кітаппен болашаққа кітаппен "
Бүгін Алматы қаласында "XXI ғасыр кітапханалары. Кітаппен болашаққа" Халықаралық кітапханашылар конференциясы өз жұмысын бастады. Конференцияға елімізден 11 аймақтан қалалық, аудандық мемлекеттік кітапхана мамандары, мектеп кітапханашылары, баспагерлер, мұражай қызметкерлері қатысады. Оның ішінде біздің кітапхана мамандары да бар.
Толығырақ...Тағы мақалалар...
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26354105
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы