Республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі Садыбек Түгелмен кездесу өтті
- Құрылды 12.03.2021 11:05
1 наурызда Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында Республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі Садыбек Түгел облыстың ақпараттық-ағартушылық штаб мүшелері, зиялы қауым, қоғам, БАҚ өкілдермен және студенттермен кездесті.
Қонақтар қатарында ШҚО бойынша «Парасат жолы» орталығының жетекшісі Алибек Қаңтарбаев, ШҚО ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі Арайлым Есімбекова, «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек Мұқатай, А.Пушкин атындағы кітапхана директоры Бибигуль Шагиева, департамент басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин болды.
Толығырақ..."Саятшылық - халық қазынасы"
- Құрылды 11.03.2021 11:16
2021 жылы 18 наурызы күні сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен көркемсөз оқу шеберлерінің Республикалық және халықаралық байқауларының бірнеше дүркін жеңімпазы, Республикалық «Алтын дауыс» байқауының жеңімпазы, «Қазақ радиосының» жүргізушісі Ғылымхал Манайұлымен (Facebook @Pushkinlibrary) тікелей эфирде онлайн кездесу өтеді.
Толығырақ...«Нәзік жанды – қайсар рухты»
- Құрылды 04.03.2021 12:47
Ғажайып әйелдер - әдемілік пен әсемдіктен жаратылған ерекше жандар. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі аясында ұйымдастырылған «Нәзік жанды – қайсар рухты» атты кітап көрмесі қазіргі Қазақстанды дәріптеген әйелдер мен Ұлы Дала әйелдеріне арналады.
Толығырақ...Рухы мықты, нәзік жандар
- Құрылды 01.03.2021 15:28
8 Наурыз көктемгі әйелдер мерекесі қарсаңында, А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы "Мүмкіндігі шектеулі адам" анықтамасы олар туралы емес екенін өз өмірлерімен, еңбектерімен, шығармашылығымен дәлелдеп жүрген әйелдермен 3 наурыз күні онлайн-кездесу өтті.
Толығырақ...Тағы мақалалар...
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26354809
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы