«Қылқаламдағы көктем лебі...» сурет көрмесі
- Құрылды 16.03.2022 10:36
18 наурыз күні сағат 11.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстандағы "Балалар жылы" аясында «Қылқаламдағы көктем лебі...» атты сурет көрмесі өтеді.
Көктем мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған көрмеде суретші, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Нұрсадықов Құдаш Дәулетханұлы жетекшілік ететін балаларға арналған «Сурет» бейнелеу өнері студиясына қатысушылардың еңбектері көпшілік назарына ұсынылады.
«Салт-дәстүр – Сан ғасырға саф мұра»: онлайн сұхбат
- Құрылды 15.03.2022 16:23
17 наурыз күні сағ. 11.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен Zoom-платформасында «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы, тарихшы, Қазақстанның Мәдениет қайраткері Бекен Қайратұлымен «Салт-дәстүр – сан ғасырлық саф мұра» тақырыбында тікелей эфирде сұхбат өтті.
Толығырақ...Көрісу күні Наурыз мейрамының бастауы
- Құрылды 14.03.2022 15:46
14 наурыз - Көрісу күні. Көрісу күні жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу деген мағынаны білдіреді. Адамдар бұл күні арасындағы бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, араздықты ұмытып, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көктемге аман есен жеттік деп, дастархан жайып, үлкендерге сәлем беріп, құттықтап жатады. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды.
Толығырақ...Наурыз – жаңару, жаңғыру мерекесі!
- Құрылды 14.03.2022 12:46
22 наурыз күні біз ертеден келе жатқан ұлық мереке – Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын атап өтеміз. Наурыз тек күн мен түн теңеліп, тіршілік атаулыға жан бітетін мейрам ғана емес, бұл – бірлік пен еңбектің, мейірім мен ізгіліктің, достық пен татулықтың мерекесі. Көктем мерекесін атап өту айдың ортасынан бастау алады, біздің кітапхана да осы дәстүрді ұстанып, 14 наурыздан бастап оқырмандарын «Наурыз тойы – мереке, салт-дәстүрім – береке» интерактивті әдебиеттер экспозициясымен қарсы алады.
Толығырақ...Тағы мақалалар...
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26350079
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы