Тұсаукесер «Менің өлкем – ғажап әрі көркем»
- Толығырақ
- Құрылды 07.09.2017 15:18
7 қыркүйек күні кітапханада жас ұрпақты туған жер оның тарихы мен мәдениетін, табиғатын құрметтеп, патриоттық рух қалыптастыруға бағытталған «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Менің өлкем – ғажап әрі көркем» виртуалды кітап көрмесінің тұсаукесері өтті.
Көрме бөлімдері аты айтып тұрғандай Шығыс Қазақстанның тарихи, табиғи және экономикалық ерекшелігі туралы әңгімелейді. Сондай-ақ, отандастарымыздың жетістіктері, мақтан тұтатын, біз сүйетін және бағалайтын құндылықтар туралы ақпараттар қамтылған.
«Көне әрі жас» бөлімі өлкеміздің таулы-дала аймағының бай және даңқты тарихына арналған.
«Құпиялы әрі құдіретті» - Шығыс Қазақстанның таңғажайып аңыздары мен әпсаналары туралы, халық өнерінің түпнұсқа дәстүрлері мен шығармашылығына бағытталған.
«Шырайлы әрі шуақты» бөлімі көркем жеріміздің табиғи байлығынан сыр шертсе, «Киелі әрі қасиетті» бүкіл әлем назар аударатын ең көне мәдени ескерткіштерді паш етеді.
Жоғары және ортаңғы буын сынып оқушылары үшін қазақ және орыс тілдерінде топтық тапсырыстар келесі телефон арқылы қабылданады: 26-13-33, ішкі 123, Кемешева Меруерт немесе Слямова Зиза Мұхтарханқызы.
Контакты: Валентина Райхель,тел.261 333,вн.119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26339484
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы